122
Дін мен Діл-2
раббыңның атын зікір ет!»
170
, «Алланы көп зікір еткен
ерлер мен әйелдерге Алла тағала өзінің кешірімі мен
үлкен сый әзірледі»
171
деген тәрізді көптеген аяттарды
келтіруге болады. Зікір мағынасында келген басқа да аят-
тар жетерлік.
Сондай-ақ Алла елшісінің зікірдің артықшылығы
мен сауаптылығын білдіріп жеткен хадистері де өте көп.
Мысалы, Әбу Мұса әл-Әшғаридан риуаят етілген хади-
сте Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді: ِ
مَثَلُ الّذِي يَذْكُرُ رَبّهُ وَالّذِي الَ يَذْكُرُ رَبّهُ مَثَلُ الْحَيِّ وَالْمَيِّت
«Раббысын үнемі зікір ететін адам мен зікір
етпейтіннің мысалы тірі мен өліге ұқсайды»
172
.
Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте Алла елшісі
(с.а.у.):
«Алла тағала былай дейді: Мен мені зікір етіп,
екі ерні қимылдағанмен біргемін»
– дейді.
Әнас ибн Мәліктен риуаят етілген тағы бір хадисте
Алла елшісі (с.а.у.) былай деді: َ
ِإِذَا مَرَرْتُمْ بِرِيَاضِ الْجَنّةِ فَارْتَعُوا قَالُوا وَمَا رِيَاضُ الْجَنّةِ قَال
حِلَقُ الذِّكْر
«Егер жұмақ бақтарының бірінің жанынан
өтсеңдер, пайдаланып қалыңдар. Уа, Алланың елшісі
«жұмақтың бақтары» деп нені меңзедіңіз? деп сұрады.
Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Зікір алқалары» деп жауап
берді»
173
.
Хадис дәрежесі
«хасан».
أَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْدِي بِي وَأَنَا مَعَهُ إِذَا ذَكَرَنِي فَإِنْ ذَكَرَنِي فِي نَفْسِهِ ذَكَرْتُهُ
170
«Али Имран» сүресі, 41-аят.
171
«Ахзаб» сүресі, 35-аят.
172
Бұхари
173
әт-Тирмизи