118
Дін мен Діл-2
құлшылық түрлеріне бойын дағдыландыратын, жүрегін
шабыттандырып, рухын шалқытатын, көкірек көзінің
ашылуына ықпал жасайтын арнайы
«лагерь»
деуге де бо-
лады.
Мұндай оңашаланудың үлгісі ретінде Алла елшісінің
өзіне әлі уахи түспей тұрып Хира үңгіріне барып, айлар
бойы оңашаланып, толықтай ғибадатқа берілгендігін
негізге алуға болады. Кейбіреулер Алла елшісінің үңгірде
оңашалануы уахи түспей тұрып жүзеге асқандығын,
сондықтан оның дәлелге жарамайтындығын алға тартады.
Рас, Алла елшісінің (с.а.у.) үңгірге барып оңашалануы
Жәбірейіл періште арқылы өзіне алғашқы уахи түспей
тұрып орын алды. Әйтсе де, Хақ Расулының (с.а.у.)
оңашалануы уахидың алғашқы сатысы садық (шынайы)
түстерді көре бастағаннан кейінгі уақытта жүзеге асқан.
Айша анамыздан риуаят етілген Бұхаридағы хади-
сте Алла тағала ардақты пайғамбарымыздың жүрегіне
оңашалануды ұнаттырып, көкірегіне арнайы салғандығы
анық айтылады. Сөйтіп тікелей Жәбірейіл періштеден уа-
хиды қабылдап алуға Алла елшісінің (с.а.у.) руханиятын
дайындады.
Сондай-ақ әз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) рамазан
айының соңғы он күніндегі, тіпті кейбір жылдары жи-
ырма күн бойы мешіттен шықпай, барлық дүниелік
қатынастардан қол үзіп, құлшылыққа қатты берілетін
«иғтикафты»
дәлел ретінде келтіруге болады. Мына
замандағы адам рухын кірлететін, нәпсімен күреске кеде-
ргі келтіретін күнделікті өмірде кездесетін факторлардың
көптігін ескерсек, мұндай
«оңашаланудың»
аса қажеттілігі
айтпаса да түсінікті.
«Оңашаланудың»
уақыт мөлшері
кісінің мүмкіншілігі мен қажетіне қарай өзгеріп отыра-
ды.