Previous Page  114 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 200 Next Page
Page Background

114

Дін мен Діл-2

ұйқыны айтып отырмыз. Көбіне адамдар артық ұйқыға

дағдыланып алғандықтан,

«бұл мөлшерден аз ұйықтасам

ұйқым қанбайды»

деп өзі үйренген ұйқы мөлшерін тәнінің

қажеттілігі, тынығуының нормасы деп ойлайды. Алайда

ұйқы уақытын реттеп, өзін аз ұйықтауға дағдыландыра

алса, мұндай ойдың қате екенін түсінеді.

Ұйқы тән қажеті болғандықтан, түнде құлшылыққа

оңай тұру үшін күндіз бір уақыт түске дейін, ол мүмкін

болмаса түстен кейін көз іліп алған дұрыс. Бұл

«қайлуула»

ұйқысы Алла елшісінің (с.а.у.) сүннетіне жатады. Сондай-

ақ, құптан намазынан кейін дереу жатқан жақсы.

«Алла

елшісі құптан алдында ұйықтауды және құптаннан

кейін сөйлесуді ұнатпайтын еді»

деген хадисі түні бойы

теледидардың алдында тесіліп отырып немесе бос әңгіме,

пайдасыз іспен уақытын ысырап еткендерге сабақ. Кеш

жатқан адамның түнде тұрып, құлшылық жасауы қиын

екені айтпаса да түсінікті.

Үшіншісі – қиллатул-калам» аз сөйлеу.

Адам тілі жүрегінің үні болғаны секілді, нәпсісінің

қалауын жеткізетін құрал да бола алады. Адам нәпсісі

мақтанды, ұрысты, дұшпандықты, бос әңгімені, өзгені

сынауды, атақты, т.б. көп жағымсыз нәрсені қалайды,

сүйеді, ұнатады, тіпті, үнемі осындай жүрек қарайтатын

дүниелерге шақырады да тұрады. Ал тіл осы нәпсі

қалауын сыртқа жеткізетін алғашқы құрал. Ендеше,

кемелдікті мұрат еткен мұсылман ең әуелі өз тіліне ие

болуды үйреніп, өзін үнсіздікке яки қайырлы сөз айтуға

дағдыландыруықажет. Тіліне ие болудың алғашқысатысы

өзін үнсіздікке дағдыландырудан басталады. Содан кейін

бара-бара шариғат безбенінен өткен сөзді ғана айтуды

үйренеді. Ал кімде-кім үнсіздікке дағдылана алмаса, онда

сөйлемей тұрып айтар сөзін өлшеп, сүзгіден өткізіп алуды

да үйрене алмақ емес. Сондай-ақ, кісі қайырлы сөз айтуы

мүмкін, алайда уақыты мен жағдайды ескермегендіктен,