Дін мен Діл-2
111
Ұстансаң егер сопылық,
Оқыған көп ғалым бол».
Шариғатты білмеген адам тариқатқа кірсе, орта жол-
да шатасып, жарты жолда жалығып, аяғында адасып кетуі,
шайтанның ермегіне айналуы бек мүмкін.
Тариқат шейхтары өзіне рухани ем қабылдап, ақиқат
жолаушылығына ілесуге тас түйін келген мүридтерінің әр
қайсысыныңжеке жағдайына, табиғи мінезіне, бойындағы
кеселіне қарай Алла елшісінің мыңдаған хадистері мен
шариғат қағидалары ішінен оған қажетті дәрісін тауып,
емдеуге тырысады. Дәруіштің қолынан ұстап, ақиқат
межесіне қарай рухани жолаушылықты бастайды.
Жалпы әр тариқаттың рухани тәрбиеде қолданатын
өзіндік ерекшеліктері болуымен қатар барлығына бірдей
ортақ қағида, тәсілдері бар. Соларды аз-кем тарқатып
түсіндіріп кетейік.
Алғашқы кезекте рухтың кемелденуінің, нәпсі
тәрбиесінің маңызды тетігі саналатын мына төрт нәрсеге
тоқталайық. Бұл тәрт нәрсе де ойдан шығарылған бидғат
емес, Құранның қағидаларына сай, Алла елшісінің
сүннетінен алынған. Мүрид бұл төртеуін күнделікті
өмірінде басты қағида етіп алуы тиіс. Бұлардың біреуінің
ақсауы мүридтің рухани кемелденуіне кедергі келтіреді.
Біріншісі –
«қиллатут-тағам»
аз тамақ жеу. Екіншісі
–
«қиллатул-манам»
аз ұйықтау. Үшіншісі – қиллатул-
калам» аз сөйлеу, төртіншісі –
«ъузлату ъанил-анаам»
оңашалану.
Бұл аталған төртеуі де Алла елшісінің (с.а.у.)
хадистерінде ерекше аталып, өмірінде айрықша көрініс
тапқан ұстанымдар.
«Қиллатут-тағаам»
аз тамақ жеу. Тәнге қажет
мөлшерде ғана қоректенуге, артық тамақтан бас тартуға
қатысты Алла елшісі (с.а.у.):