Previous Page  106 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 200 Next Page
Page Background

106

Дін мен Діл-2

Шынайы кемел пірді жалғанынан қалай

ажыратуға болады?

Ең әуелі белгілі бір тариқаттың шейхы, пірі болуы

үшін мына үш шарт аса қажет:

1. Аһлү-сүннеттің ақидасын жақсы меңгеруі, оны

жүрегімен толық қабылдауы, тәухидты жүрегіне сіңдіруі

тиіс. Сондай-ақ намаз, ораза, зекет, қажылық секілді

құлшылықтарменсауда-саттық,жалпықарым-қатынастан

туындайтын құқықтың мәселелердің шариғи үкімдерін

жетік білуі қажет.

2. Өзі де міндетті түрде арнайы шейхтың, пірдің

қолында рухани тәрбие көрген, сәйру-сүліктегі (ақиқатқа

жетужолындағыжолаушылық)мақамдардыбағындырған,

мейлінше рухани жетілген адам болуға тиіс. Нәпсі

тәрбиесініңбарлыққыр-сырын,жүрекпеннәпсі ауруының

түрлерін, шайтанның уәсуасасының есіктері мен айлала-

рын, нәпсінің жүріп өтетін мәртебелері мен оның ұңғыл-

шұңғылын толық меңгеріп, оларды әр адамның руха-

ни жағдайы мен табиғатына қарай емдеу жолдарын да

жетік білуге тиіс. Яғни, ілім, амал, хал тұрғысынан Алла

елшісінің (с.а.у.) шынайы мұрагері болуы қажет.

3. Сондай-ақ оның өзі тәрбие көрген тариқат шей-

хынан, пірінен жазбаша арнайы шежірелі (силсилалы)

«ижазаты»

яғни, мүрид қабылдауға, оларға рухани

тәрбие беруге рұқсаты болуы қажет. Қазіргі тілмен

айтсақ, жүрек ілімінің

«лицензиясына»

ие болуы тиіс.

Ижазатта тариқаттың барлық шейхтарының аттары, бір-

біріне берген шежірелі рұқсаттары көрсетіледі. Медицина

факультетін бітірмеген, қолында дәрігер деген дипломы

жоқ адамның арнайы емхана ашып, ауруларды қабылдай

алмайтыны секілді яки архитектурлық білімі жоқ кісінің