Дін мен Діл-2
103
Мысалы, бір тақуа кісі барлық намазын мешітте
алдыңғы қатарда тұрып оқитын. Бір күні қандай да бір
себеппен намазды екінші қатарға тұрып оқуға мәжбүр
болады. Намаз біткен соң мешіттегі кейбір адамдардың
алдында өзін ыңғайсыз сезініп, тіпті олардан ұяла бастай-
ды. Міне, дәл осы кезде намазды екінші қатарда оқығаны
үшін олардың алдында неліктен ыңғайсызданып, ұяла
бастағанының себебін ойланады. Нәтижесінде мешіттегі
адамдарға жақсы көрінуге деген аз да болса жүрегінің
түкпірінде жасырын қалауының бар екенін байқайды.
Яғни, адамдардың өзіне деген айрықша көзқарасы на-
мазды алдыңғы қатарда оқуға белгілі бір деңгейде әсер
еткенін ұғады. Себебі тек Алла разылығы үшін болса, онда
айналасындағы адамдардың өзінің жасаған құлшылығы
яки қандай да бір амалы жайлы не ойлағаны, мақтағаны
немесе даттағаны ешбір әсер етпеуге тиіс еді. Мұны
түсінген ол дереу тәубе етіп, кемшілікті кетірудің қамына
көшеді.
Бұл, әрине, деңгей мәселесі. Көп адам мұндай
нәрселердің астарын түсінбеуі де мүмкін. Ал шы-
найы тақуалыққа ынтық болған тақуа құлдар ниеттің
түкпіріндегі ықыласқа көлеңке түсіріп тұрған барша
дүниелерден, Алла разылығынан өзге қандай да ішкі
есептің араласуынан мейлінше аулақ жүруге тырысады.
Құранда: َ
لاَ تَقْرَبُواْ الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَن
«Күнәнің
ашығына
да,
жасырынына
да
жақындамаңдар»
делінеді. Аятта айтылған жасырын
күнә – жүректегі көзбояушылық, мақтаншақтық, кек,
қызғаныш, екіжүзділік, сараңдық секілді рухани кесел-
дер болмақ.