Previous Page  100 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 200 Next Page
Page Background

100

Дін мен Діл-2

ағымдарды сопылыққа қарсы қою жолымен де алты айла-

лы жоспарларын жүзеге асыруға тырысуда.

Бұлардың ішінде сопылыққа жасалған ең үлкен

соққы жалған сопылардың жасаған бүлігі еді. Олардың

шариғатқа қайшы, сопылық негіздерімен үш қайнаса

қосылмайтын әрекеттері көптеген адамдардың сопылық

жайлы теріс пікірге баруына себеп болып отыр.

Сопылық жолдың шариғатта дәлелі бар ма?

Әсілінде, сопылық бұл исламның негізгі үш

ұстынының бірі - ихсаннан бастау алады.

«Жәбірейіл

хадисі»

деген атпен белгілі мына мәшһүр хадисте діннің

үш негізі анық айтылған. Хазіреті Омар (Алла одан разы

болсын!) былай деді:

«Бір күні Алла елшісінің (с.а.у.)

жанында отырған едік, киімі аппақ, шашы қап-қара,

бойында жолаушының белгісі жоқ бір бөтен кісі шыға

келді. Ол Алла елшісінің (с.а.у.) жанына отыра кетті

де, тізесін тізесіне тақады да, екі алақанын санының

үстіне қойды. Сөйтті де: «Уа, Мұхаммед! Маған ис-

лам жайлы айтшы»,

– деді. Алла елшісі (с.а.у.):

«Ис-

лам бұл Алладан басқа тәңірдің жоқ екеніне және

Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік келтіруің, на-

мазды толық оқып, зекет беруің, рамазан айында ораза

тұтып, шамаң жетсе қажылыққа баруың»,

– деп

түсіндірді. Сонда әлгі кісі:

«Дұрыс айтасың»,

- деді. Біз

өзі сұрап, өзі растап отырғанына таң қалыстық.

«Маған

иман туралы айтшы»,

– деді. Алла елшісі (с.а.у.):

«Аллаға, оның періштелеріне, түсірген кітаптарына,

жіберген пайғамбарларына, ақырет күніне және

тағдырдың жақсысы мен жаманына иман келтіруің»,

– деп жауап берді. Әлігі кісі тағы да:

«Дұрыс айтасың»,

–деді де:

«Маған ихсан туралы айтшы»,

– деп сұрады.

Алла елшісі:

«Ихсан бұл – Аллаға оны көріп тұрғандай