Дін мен Діл-2
101
ғибадат етуің, сен оны көрмесең де, сөзсіз, Оның
сені көріп тұрғанын сезінуің»,
– деп жауап қайырды.
«Қияметтің қашан болатынын айтшы»,
– деді. Алла
елшісі (с.а.у.):
«Сұралып тұрған адам сұрап тұрған
адамнан артық білмейді», – деді. Әлгі кісі: «Ендеше,
қияметтің белгілерін айтшы», – деді. Алла елшісі:
«Күңнің өз қожайынын дүниеге әкелуі және жалаң
аяқ, үстінде киімі жоқ кедей малшылардың биік үй са-
лып жарысқандарын көруің»,
– деп жауап берді. Сосын
әлгі кісі кетіп қалды. Алла елшісі (с.а.у.) әжептеуір уақыт
кідіргеннен кейін:
«Уа, Омар, жаңағы сұрақ сұраған кісі
кім білесің бе?» – деді. Мен: «(білмеймін) Алла және
елшісі жақсырақ біледі», – дедім. Алла елшісі (с.а.у.):
«Ол – сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл
періште еді»,
– деді
147
.
Жоғарыдағыхадистен байқағанымыздай, Алла елшісі
(с.а.у.) Жәбірейіл періштемен болған сұхбатта дініміздің
үш негізгі тірегін арнайы көрсетіп отыр. Біріншісі, әрине
бұл иман мәселесі. Әсілі иман тақырыбына Алланың
барлығы мен бірлігі, көркем есімдері, кітаптарға,
пайғамбарларына, періштелеріне, қайта тірілуге, тағдырға,
жәннат-тозақ секілді сенімге тікелей қатысты барлық
мәселелер кіреді. Осы сенімге қатысты тақырыптарды
зерттеп, зерделейтін, жүйелейтін ғылым
«ақида»
деп ата-
лады. Әһлү сүннет уал-жамағатта ақида саласын егжей-
тегжейлі түсіндіруші
«Ашғари», «Мәтуриди»
сынды
дәстүрлі дұрыс мектептер дүниеге келген. Сондай-ақ Алла
елшісінің жоғарыда келтірілген хадисте көрсетіп кеткен
дініміздің екінші негізі ол – ислам. Ислам деп бұл жерде
мұсылманның атқаратын намаз, ораза, зекет, қажылық
сынды құлшылықтарының сыртқы бейнесін реттейтін
құқықтық сала меңзеліп отыр. Намаздың шарттары, реті,
147
Сахих Мүслим.