96
Дін мен Діл-2
манына жақын болғандықтан, табиғи түрде жүректерін
тек Аллаға арнаған, құлшылығы көп, дүниенің сән-
салтанатына алданбаған шынайы тақуа жандар болатын.
Сондықтан оларға рухани мақамдарды бағындырған
ұстаз-шейхтың, арнайы жүйеленген тәрбие, ережелерінің
қажеті жоқ еді. Мысалы, қазақ тілін ана сүтімен еміп, ауыл
ақсақалдарының мақал-мәтел аралас дана сөздерін естіп,
бұрынғылардың жыр-дастандарын тыңдап өскен бала
қазақ тілін арнайы оқымай-ақ, ешбір ереже-қағидасын
үйренбей-ақ табиғи түрде жетік меңгерген шешен болып
өсетінінде шүбә жоқ. Ал ондай ортаны көрмеген баланың
қазақшасы шала болғандықтан, оған арнайы тілдің ереже-
қағидасын үйретіп, оқыту қажет. Дәл осы секілді сахаба-
лар мен табиғиндер, атбағут-табиғиндер тақуалыққа толы
ортада, ғұмыры ғибратқа толы тұлғалардың қоғамында
жүргендіктен, олар табиғи түрде тақуа болатын. Олар
«сопы»
деп аталмаса да іс-әрекет, қимылдарының бәрі
сопылық мектебінің мақсатына сай болатын.
Әсілінде сопылық дегеніміз кісінің қандай жағдайда
болмасын қиыншылықта да, қуанышта да, молшылықта
да, таршылықта да, мейлі басшы болсын, мейлін қосшы
болсын, мейлі далада яки тасада болсын Алласымен
бірге болуы, жүректен Алладан өзгені былай ысырып,
шынайы ықыласқа жетуі болмақ. Адамның нәпсісін алы-
стан өзіне қызықтырып, тартып алатын жалған дүниенің
жалт-жұлт еткен сән-салтанатына алданбай Хаққа қарай
жүруі, құлшылықта тереңдеуі, қандай биік шыңдарды
бағындырса да өзінің әлжуаз, әлсіз құл екенін ұмытпай,
қарапайымдылығын айнымай ғұмыр кешуі сопылықтың
діттеген төл мақсаты.
Ендеше, алғашқы дәуір мұсылмандарының аты
сопы болмаса да, заты сопылыққа сай еді. Олар діннің
міндеттеген парыздарын орындаумен ғана шектелмей,