Дін мен Діл-2
99
Кейінгі кезде көп адамдар сопылық жолға
күмәнмен қарайды. Мұның себебі неде?
Жалпы ислам әлемінде кейінгі ғасырларда исламның
иман, ислам, ихсан секілді негізгі тіректерінің бірі санала-
тын сопылық жайлы күдікті ойдың қалыптасуы өкінішті-
ақ. Әрине, мұның өзіндік себептері де жоқ емес. Ол,
біріншіден, әлемде шынайы сопылық-тариқат өкілдерінің
мейлінше азайып, жалған шәйхтардың, тұнығы лайланған
сопы мектептерінің көбеюі болса, екіншіден ғасырлар
бойы силсилалы шежіремен сабақтасып келе жатқан
көптеген (бәрі емес) сопылық мектептерінің жаһандану
үрдісімен жаппай өзгеріп жатқан жаңа өмір талаптары
мен ислам әлемінде болып жатқан саяси, әлеуметтік,
экономикалық түрлі саладағы ауқымды өзгерістерге
қажетті деңгейде ыңғайланып, бейімделе алмауы жа-
тыр. Бұл жағдаяттардың бәрі сопылық мектептері мен
өкілдерінен негізгі ұстындарын сақтаумен қатар жаңаша
қадам, өзгеше ижтиһад, басқаша қайрат талап етуде
еді. Қысқасы,
«халықтың ішінде жүріп Хақпен бірге
болу»
тәсілдерінің жаңа жағдаяттарға қарай бейімделуі
қажет еді. Алайда бұл қажетті деңгейде, дұрыс бағытта
қалыптасып үлгермеді. Заман көшінен қалып қойды.
Сопылық исламның – рухы. Мұны дін дұшпандары
байқамайды емес, әрине жақсы біледі. Сондықтан да
олар қатардағы әмма жұртты сопылықтан бездіру үшін
әдейілеп тариқат өкілдерінің еңбектеріне шариғатқа
қайшы сөйлемдерді енгізіп, тіпті танымал шейхтардың
атынан кітаптар жазып
146
немесе жалған сопылық
мектептерін қолдан құрастыру арқылы яки қайсыбір
146
Абдул-Қадир Иса, Хақайқ анит-тасаууф, «Мұқаттам» баспасы, Каир,
2005ж.318-328 беттер.