Дін мен Діл-2
97
Алла елшісінің көрсеткен күллі сүннет амалдарын,
үйреткен барша мұстахаб әрекеттерін бүге-шігесіне
дейін қалтқысыз атқаратын. Харамдарды былай қойғанда
күмәнді нәрселердің маңына да жоламайтын. Тіпті
бір ғана күмәнді нәрседен сақтану үшін кейде рұқсат
етілген дүниелерді де абайлайтын. Олардың осындай
тақуалықтарының нәтижесінде көкірек көздері ашылып,
жүректерінен тілдеріне даналық нұры төгілетін. Алла
елшісінің (с.а.у.) тікелей тәрбиесінің нәтижесінеде сахаба-
лар рухани жоғары дәрежеге жеткені соншалық, Абдуллаһ
ибн Масғұд бұл жайлы былай дейді:
«Біз тамағымыздан
өткен астың «тәсбихын» (зікірін, Алланы пәктеуін)
сезінетіндей жағдайға жеткен едік»
143
.
Кейіннен, тілі басқа, ділі өзгеше, салт-санасы бөтен
әртүрлі ұлттардың мұсылмандықты қабылдауының
нәтижесінде ислам жағрапиясы кеңейе бастады. Уақыт
өтіп, заман сырғыған сайын Алла елшісімен (с.а.у.) бірге
болудан пайда болатын рухани күш біртіндеп әлсірей ба-
стады. Нәтижесінде кейбір адамдардың жүрегінде дүниеге
деген құмарлық артып, Алла елшісінің заманындағыдай
тақуалық әлсірей бастады. Міне, осы кезде жүрек іліміне
ден қойған тақуа жандар
«тасаууф»
ғылымының негізін
қалай бастады.
Бұл жайлы Ибн Халдун өзінің
«Мұқаддимасында»
былай дейді:
«Сопылық білімі кейін пайда болған шариғи
ғылымдарға жатады. Алайда сопылық жолының негізі
мен мәйегі белді сахабалар мен табиғиндер және олардың
артынан келгендерде ақиқат пен һидаят жолы ретінде
бар болатын. Бұлжолдың негізі – құлшылықта тереңдеу,
тек Аллаға ғана берілу, дүниенің сән-салтанатынан бас
тарту, көпшіліктің жүгіре ұмтылатын мал-мүлік пен
мансап, рахатқа пен ләззатқа бату секілді нәрселерді
143
әл-Бұхари, Манақиб, 25.