Previous Page  98 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 98 / 200 Next Page
Page Background

98

Дін мен Діл-2

жүрегімен тәрк ету, елден оңашаланып Аллаға құлшылық

жасау. Бұлардың бәрі жалпы түрде сахабаларда,

үмбеттің алғашқыларында бар болатын. Екінші және

одан кейінгі ғасырларда адамдар дүниеге ұмтыла баста-

ды. Міне, сол кезде құлшылыққа берілген жандар «сопы»

деген атпен таныла бастады»

144

.

Имам әл-Қушайри сопылықтың һижри екінші

ғасырдың алдында пайда бола бастағанын айтады:

«Алла

елшісі (с.а.у.) бақилық болғаннан кейін мұсылмандар

«сахабалар» деген аттан өзге айдармен танылған

жоқ еді. Өйткені «сахаба» дегеннен артық дәреже

де жоқ болатын. Кейіннен адамдар әртүрлі болып,

мәртебелері де өзгере бастады. Сөйтіп аса діндарларға

«әз-зүһһад» (дүниені жүрегімен тәрк етуші), «әл-

Ъүббад» (құлшылығы мол жандар) делінетін болды.

Одан кейін бидғаттар бой көтере бастады. Әр топ

өздерін «зүһһад», «ъүббад» дейтінді шығарды. Сол

кезде Аллаға шынайы беріліп, ғафылдықтың барлық

жолдарынан өздерін сақтай білетін әһлү сүннетті

ұстанатындардың озықтары «тасаууф» есімімен

ерекшеленді. Һижри бірінші жүз жылдықтың соңында

аталмыш ұлыларға «сопы» деген ныспы кең қолданыла

бастады»

145

.

Бұдан түйгеніміз, ориенталистердің айтқанындай,

исламдағы сопылық ғылымы Үнділерден немесе Грек-

терден яки Христиан монахтарынан, тіпті болмаса Будда-

дан дінімізге шатасып енген адастырушы жат дүние емес.

Сопылықтың негіздері мен ережелері Алла елшісінің

ғибратты ғұмыры мен тағылымға толы тұлғасынан, әз

сахабалардың өнегеге толы өмірінен, исламның негізгі

қағидаттарынан алынған.

144

Мұқаддимату Ибн Халдун.

145

Кашфуз-зунун ъан асмаайл-кутубил уал-фунуун, Хажы Халифа,

1-том, 414-бет.