104
Дін мен Діл-2
Сопылық ілімін
«жүрек ілімі»
деп те атайды. Себебі
жүрек түзелсе, онда кісінің барша амалдары дұрыс
болмақ. Алла елшісі (с.а.у.) бұл жайлы бір хадисінде
«Де-
неде бір кесек ет бар. Ол түзелсе, бүкіл дене түзеледі,
ал ол бұзылса күллі дене бұзылады»,
- деп ескерткен.
Тағы бір хадисте:
«Алла тағала сендердің денелеріңе
және сыртқы пішіндеріңе емес, жүректеріңе қарайды»
деп, Алланың назары түсетін, амалдың бағаланатын орны
жүрек екенін білдірген.
Ендеше, денесінің кір, киімінің лас болуынан
өзін ыңғайсыз сезініп, таза жүруге ұмтылған кісінің
Алланың назар салар орны жүрегінің тазалығына да аса
ыждаһаттылық танытуы тиіс емес пе? Шәкәрімше айтсақ:
«Сыланасың сыртыңа өң беріп, ішіңнің түзетпейсің
қатасын».
Алла тағала
«Шұғара»
сүресінде:
«Ол күні сендерге
жиған дүние-мүлік, бала-шағаларыңның да ешбір
пайдасы тимейді. Тек кімде-кім «сау жүрекпен» Алла
құзырына келсе, сол ғана пайдаға кенеледі» деп, түрлі
рухани дерттен арылған таза да сау жүректің ғана
ақыретте иесіне пайдасы тиетіндігін хабар берген.
Мына дүниеде сауапты амал жасадым деп жүрген
науқас жүрек талайлардың амалының құрдымға
кететінін Алла тағала «Кәһф» сүресінде былай
баяндайды: «Сендерге амалдары босқа кеткендерді
хабар берейін бе? – деп айт. Олар мына дүниедегі
еткен еңбектері (Алла разылығынан) адасып босқа
кеткендер. Сөйте тұра олар өздерінше тамаша іс
бітірдік деп ойлайды»
148
.
Ендеше, Алла алдына сау жүрекпен бару үшін
жария һәм жасырын бойындағы барша кемшілік пен
кеселдерді анықтап,
«диагнозын»
дөп басып табатын, со-
148
«Кәһф» сүресі, 103-104 аяттар.