Previous Page  102 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 200 Next Page
Page Background

102

Дін мен Діл-2

оны бұзатын және бұзбайтын нәрселер, зекеттің мөлшері

сияқты ғибадаттың сыртқы пішіні мен амалдардың шарт-

тарын және жалпы адами қарым-қатынасқа қатысты

құқықтық мәселелерді реттейтін бұл сала да кейіннен

Ханафи, Мәлики, Шафиғи, Ханбали сынды мәзһабтарға

бөлінді. Ал енді иман келтіріп, құлшылықтың сыртқы

талаптарын орындағаннан кейін оның тікелей жүрекке,

рухани сапасына қатысты жағын реттейтін ғылымға

«тасаууф»

делінеді. Бұл жоғарыдағы хадисте дініміздің

үшінші негізі ретінде

«Ихсан»

деп көрсетілген. Яғни, Ал-

ланы көріп тұрғандай құлшылық жасау, Алланы көрмесе

де, Оның әрдайым өзін бақылап тұрғандығын терең

сезіну деңгейі. Бұл әрине әшейін ойлау немесе жай ғана

ниет етумен бола салатын оп-оңай дүние емес. Мысалы,

белгілі бір патшаның тіпті әкімнің алдына кірген кісінің

сол сәттегі өзі де, сөзі де өзгеше болып жатады. Әрбір ай-

тар сөзі мен іс-қимылына аса мән береді. Жалпы айтқанда,

өзін патшаның алдында тұрғанын толықтай сезінеді. Ал

әрбір намаз оқыған кісі өзін әлемдердің Ұлы Раббысы,

патшалардың Патшасының құзырында тұрғанын толық

сезіне бермейді. Ендеше, мұндай адамда дінінің негізгі

бөлігі, ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) меже етіп

көрсеткен

«ихсан»

мәртебесі кем түсіп жатыр деген сөз.

Кісінің белгілі нәрселерді теориялық негізде білуі бір

бөлек те, оны практикалық тұрғыдан мүлтіксіз атқарып

шығуымүлдемөзгедүние.Сондай-ақ, адамжүрегіндекөзге

көрінбейтін, тіпті байқала да бермейтін көзбояушылық,

жағымпаздық, қызғаныш, дүниеқұмарлық, өзімшілдік,

тәкаппарлық секілді рухани кеселдержеткілікті. Бұлардың

жаман әдет, күнә іс екенін білгенмен көп адам неше жыл

намаз оқыса да олардан толықтай арыла алмай жата-

ды. Тіпті көбіне белгілі бір іске итермелеген жүректің

түкпіріндегі негізгі ниеті мен мақсатын байқай алмай да

қалады.