

108
Дін мен Діл-2
Оның жамандығы шайтаннан бетер,
Қуарар жүзі махшар таңында
Олардың жүзін көрмеңіз», – деп, білімсіз
пірсымақтардың шайтаннан бетер екенін ескерткен. Тіпті
басқа бір хикметінде:
«Жалған шейх бұ жолдардың бәрін білер,
Жамағатқа кереметтей «ақыл» берер,
Жан сауғалап рухын бұлғап алдап жүрер.
Өзін ондай жалғандықтан сақтас керек.
Мүршидтердің қабілеттері бірдей емес,
Тариқаттың жолын түгел біле бермес.
Дүбәрә ғой, басшылыққа лайық емес,
Ондайлардан басыңды алып қашпақ керек»
154
, –деп,
тариқаттың қыр-сырын білмейтін, рухани жетілмеген,
бірақ пірмін деп кеуде қаққан сауатсыз мүршидтерден
аулақ жүруді өсиет еткен.
Әлбетте, әр нәрсенің шынайысы жасандысынан
әрдайым өзгеше болады. Шынайы кемел пірдің жанын-
да болған уақытта иманыңа нәр тамызып, өзгеше рухани
күйде, ерекше шабытты халде боласың. Олардың Ал-
ладан басқа сөзі жоқ, насихаттан бөтен, қайырдан өзге
әңгімесі кем. Жүзінде сабырлылық пен салмақтылықтың
ізі, мейірімділік пен терең ойдың айбаты болады. Қағбаны
көрген адам ерекше рухани күйге бөленіп, Алланы еске
алатыны секілді кемел шейхтың мейірімге толы жүзіне
қараған сәтте, оның тұла бойындағы тақуалық нұрын сез-
ген заматта Алланы, ақыретті есіңе түсіресің.
أفضلكم الذين إذا رؤوا ذكر الله تعالى لرؤيتهم
154
Қожа Ахмет Яссауи, Диуани хикмет, 99-хикмет, 15-бет. Ауд:
Әбиболла Мұхамеджанұлы. «Еверо» баспасы, Алматы, 2007ж.