Дін мен Діл-2
109
Әнас ибн Мәлик (р.а.) риуаят еткен Алла елшісінің
(с.а.у.) хадисінде:
«Шынайы мүмінге назар салған
уақытта оның жүзі саған Алланы есіңе салады»
делінген. Ондай кемел тақуа адамдардың тек сөзінен
емес, жанында болуының өзі жүрегіңе ем, көңіліңе медет
болады.
Сондай-ақ,кемелшейхтыңайналасындағыдәруіштері
мен мүридтерінің жүріс-тұрысынан, олардың адамдармен
қарым-қатынасынан терең ықылас пен асқан тақуалықты
сезіп, аса кішіпейілділік пен теңдессіз бауырмашылдықты,
көркем мінез бен шынайы биязылықты байқайсың.
Қанағат пен қарапайым өмірдің үлгісін көресің. Бейнебір
өзіңді көркем мінез гүлзарында жүргендей сезінесің.
Бұл жайлы Әзірет Сұлтан құл Қажа Ахмет Йасауи
былай дейді:
«Ерендер дидар көрер, дәруіштер сұхбатында,
Ерендер мәжілісінде нұр жауар сұхбатында.
Не тілесең қабыл болар дәруіштер сұхбатында,
Әрбір сыр ашылады дәруіштер сұхбатында.
Кім келсе сұхбатқа, ерендерден үлес алар,
Жат келер, біліс болар дәруіштер сұхбатында.
Кібір
мен
қызғаншақтық
өлер
дәруіштер
сұхбатында,
Көз ашып Хақты көрер дәруіштер сұхбатында», –деп
шынайы мұршид, білікті пірдің қасындағы дәруіштердің,
мүридтердің сұхбатының игі әсерінен сыр шерткен.
Иә, кәсіби дәрігерлердің жұмысының нәтижесін
емделген науқастарына қарап білетінің секілді шынайы
кемел пірлерді де олардың шәкірттері мен мүридттеріне
қарап танисың.
Шейх мүридттері мен шәкірттерінің көп яки аз бо-
луы сол мүршидтің шынайылығының айнымас айнасы,