Дін мен Діл-2
115
тыңдаушылар тарапынан қабылданбауы, тіпті реніш ту-
дырып кері әсер етуі әбден мүмкін. Мысалы, Алланың
қаһарын, ашуын, тозақты ескерту, әрине, жақсы нәрсе.
Бірақ мұны қуанышты бөлісіп отырған кезде дастархан
басында айту хикметке теріс болмақ. Өйткені бұл әдепке
қайшы. Сондықтан хикметті сөз айтуды үйренбеген
адамның үнсіз қалуы әлбетте қайырлы
157
.
Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Кімде-кім Аллаға
жәнеақыреткүнінеиманкелтіргенболса,ондақайырлы
(жақсы) сөз айтсын яки үндемесін»
деп мұсылманның
аузынан тек қайырлы, пайдалы сөз шығуы керектігін
ескерткен. Өсек, өтірік, ғайбатты былай қойғанда,
мұсылман баласы қысыр сөз, мылжың әңгімеден өзін
аулақ ұстайды. Өзіне мүлдем қатысы жоқ дүниелермен
айналыспайды әлі оларды білуге құмартпайды. Алла
елшісі (с.а.у.) бір хадисінде:
«Кісінің діндарлығының
көрінісі – өзіне қатысты жоқ нәрселерді тәрк етуі»
деген.
Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген хадисте:
«Алланы зікір етуден өзге сөзді азайтыңдар. Өйткені
ондай сөздер жүректі қатайтады. Ал Алладан ең
алыс адамдар – олар жүрегі қатайғандар»
делінеді. Ал
Омар ибнул-Хаттаб:
«Кімнің сөзі көп болса, қателесуі
де сондай көп болады, ал кімнің қателесуі көп болса,
күнәсі де көп болады. Ал кімнің күнәсі көп болса, ондай
кісі тозаққа лайығырақ болады»,
– деп, орынсыз көп
сөйлеудің түбі сүрінуге әкеп соқтыратындығын, қысыр
әңгіме кісіні құзға құлатып, күнәға себеп болуы мүмкін
екендігін ескерткен. Алла елшісі (с.а.у.) бір хадисінде:
«Саған бүкіл жақсылыққа иелік ететін нәрсені
көрсетейін бе? «Мынаны тый!» деп тілін көрсетті».
157
Сағид Хауа, Тәрбиятунар-рухия, 125-бет. «Дарус-сәлам» баспасы,
Каир, 1997ж.