Previous Page  116 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 200 Next Page
Page Background

116

Дін мен Діл-2

Рас, кейде адам аптап ыстықта ұстаған оразасының,

түн ұйқысын төрт бөліп жасаған құлшылығының сауабын

тәрбиесіз тілі арқылы байқамай жойып жіберіп жатады.

Өз тіліне бақылауды жоғалтқан адам сөйлеген сөзінде

бірде артық, енді бірде кем кетеді де, қайсыбір адамның

көңіліне кірбің салса, енді біреуінің жүрегін жаралайды.

Аңдамай ғайбат айтып, байқамай сөз тасиды. Сөйлеуге

үйренген тілі бос әңгімеге дағдыланып, нәпсісі үнемі

қысыр сөзге, мүлдемқатысыжоқдүниелерге құмарболады

да тұрады. Мәнсіз бас қосулар мен жел сөздерге уақытын

ысырап еткен мұндай жандардың рухани кемелденуі бы-

лай тұрсын, күннен күнге кейін кетіп, түбінде құрдымға

құлайды. Сондықтан рухани кемелденуді мұрат еткен

мүрид әрдайым әрбір сөйлеген сөзін жүрек сүзгісінен

өткізіп барып қана айтады. Мүридтің әрдайым сөзі хик-

мет, үнсіздігі ойға берілу болуы ләзім. Сонда ғана ол

рухани шыңдарды бағындырып, кемелдене түседі. Алла

елшісі (с.а.у.) қабірдің жанынан өтіп бара жатып, онда

азаптанып жатқан екі адамның жағдайын айтқаннан

кейін:

«Жүректеріңнің қарайып, қатаюлары және

артық сөздерің болмағанда, мен естіген нәрсені сендер

де естір едіңдер»

158

деп, кісінің тілі арқылы азапқа душар

болатындығын, ал керісінше тіліне ие болған кезде көп

адамға көмескі қабір әлемінде болып жатқан нәрселерді

естуі мүмкін екендігін айтқан.

Төртіншісі –

«ъузлату ъанил-анаам»

оңашалану.

Мұсылман жалпы уақытта жамағатпен, көпшіліктің

ортасында, елмен бірге болуға тиіс. Бұл, міне,

мұсылманның өміріндегі негізгі қағида, айнымайтын

өлшем. Сондықтан Алла елшісі (с.а.у.):

«Елмен араласып, олардың қиындықтарына сабыр

еткен мүмін – жұрттан жырақ жүретін әрі олардың

158

Мүснад Ахмад ибн Ханбал.