Previous Page  113 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

113

гек әрі дұрыс жұмыс жасауына қажет глюкоза ас қорытуға

жұмылдырылғандықтан, мидың жұмысы әлсірейді.

Сондықтан тойып ас ішкен адамның көзіне ұйқы тығылып,

маужырай бастайды. Үнемі ұйқысы қанбай, мең-зең

жүретін болады. Артық ас ішіп, көп ұйықтаған адамның

тәні семіреді. Ал тән семірсе, рух азатыны белгілі.

Қомағайланған адамның ой-түйсігі асқазан төңірегінен,

тамақ жеудің қамынан аспай, парасат-пайымының азая-

тыны, тіпті бара-бара құлқынының құлына айналып, ол

нәпсісін емес, нәпсісі оны басқаратын болады. Ондай

адамның құлшылыққа құлықсыз, жұмысқа жалқау бола-

тыны да, міне сондықтан.

Рухани кемелденуге ниет еткен мүридтер жалпы

уақытта аз тамақ жеумен қатар дүйсенбі, бейсенбі, әр

айдың ортасында үш күн, рәжаб, шағбан айларындағы т.б.

нәпіл оразаларды мейлінше көбірек ұстауға тырысады.

Тамақ аз ішкен адамның нәпсісі әлсіреп, рухы руханиятқа

қанат қағуға әзір күйге дайын болады.

«Қиллатул-манам»

аз ұйықтау. Қажеттен тыс көп

ұйықтаған адам нәпсімен күреске, құлшылық пен зікір, ізгі

істерге көп уақыт бөлу мүмкіншілігінен айрылғандықтан,

ондай адамның рухани жетілуі тежеліп, тіпті мүлдем

тоқтап қалады. Кісі өз ұйқысын реттеп, аз ұйықтауға

дағдыланбаса, түнгі тәһажжүд намазы, зікірі мен Раббы-

сына мінәжат етуден, таң намазын жамағатпен оқудан,

күн шыққанға дейін Құран оқып, күнделікті уирдін

(дағдысына айналған белгілі дұға-зікірлер) жасаудан

мақұрым қалады.

Алланың

разылығы

мен

жұмаққа

жетуді

кепілдендіргендей көп ұйықтау әрине ғапылдықтың,

бейғамдықтың көрінісі. Сондай-ақ, көп ұйықтаған

адамның ақыл-ойы таяз, жаттау қабілеті әлсіз бола-

ды. Көп ұйықтау дегенде біз адамның қажетінен артық