Previous Page  110 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 110 / 200 Next Page
Page Background

110

Дін мен Діл-2

жалғыз өлшемі емес. Негізгі безбен – олардың көрсеткен

көркем мінездері мен тақуалықтарының деңгейі, жүрек

кеселдерінен қаншалықты арылғандықтары, шариғаттан

шатаспай жүрулерінде болуы ләзім.

Сопылық жолдың негізгі ұстындары мен тәрбие

тәсілдерін түсіндіріп берсеңіз?

Тариқатқа кіру үшін, рухани жолаушылыққа ілесу

үшін ең әуелі мүрид те шариғатты жақсы білуге тиіс.

Сопылықтың мақсаты діннің талаптарынжоғары деңгейде

орындату болғандықтан, рухани кемелденуді мақсат еткен

әрбір мүрид, шәкірт бірінші кезекте шариғат білімімен

сусындаған болуы ләзім.

Әзірет

Сұлтан

шариғатсыз

тариқаттың

болмайтындығын, тариқаттың бар мәселесі шариғатсыз

шешілмейтідігін, тариқатқа кірудің алғы шартының

шариғат білімі екенін айрықша атап көрсеткен:

«Айтпақ үшін тариқаттың ең талаптарын,

Әуел қадам шариғатқа қоймақ керек.

Шариғаттың шешімдерін тауысқан соң,

Содан кейін, сол шешімді қылмақ керек.

Шариғатсыз шешім болмас Тариқатта,

Тариқатсыз шешілмейді Хақиқат та.

Үшбу жолдар айқындалар шариғатта,

Барлығын да шариғаттан білмек керек

155

.

Әбу Бәкір Кердері де өз кезегінде сопылық жолдың

ауыр екенін, сопы болу үшін ең әуелі көп оқыған ғалым

болу қажеттігін қадап айтқан:

«Сопылық жолы ауыр жол,

Ұстансаң оны тәуір жол.

155

Қожа Ахмет Яссауи, Диуани хикмет, 99-хикмет, 15-бет. Ауд:

Әбиболла Мұхамеджанұлы. «Еверо» баспасы, Алматы, 2007ж.