Previous Page  112 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 200 Next Page
Page Background

112

Дін мен Діл-2

ما ملأ ابن ءادم وعاء شرًا من بطنه، بحسب ابن ءادم لُقيمات يُقمن

صُلبه فإن كان ولا بدّ فثُلثٌ للطعام وثُلثٌ للشراب وثُلثٌ للنّفس.

«Адам ұрпағының ең жаман толтырған ыды-

сы - ол қарын тойдыра тамақ ішкені. Адам баласына

денесін көтеріп жүруге қажет азын-аулақ (бір неше

асам) тамақ жеткілікті. Ал міндетті түрде жейтін

болса, онда асқазанының үште бірін тамаққа, келесі

үште бірін суға, ал қалған үште бірін ауаға арнасын»,

– деген.

Айша (р.а.) жеткізген бір хадисінде:

«Мәдинаға

көшіп келгеннен бақилық болғанға дейін Алла елшісінің

жанұясы үшкүн қатарынантойыптамақ ішкен емес»

,

– деп, қарын тойдыра тамақ ішпеудің Алла елшісінің берік

сүннеті екендігін білдірген.

Алғашқы мәшһүр сопылардың бірі болған Ибраһим

ибн Әдһам:

«Кімде-кім асқазанына түсетін тағамды

қадағалай алса, өз діндарлығын да қолға алғаны. Ал

асқазанына артық тамақ қабылдамаған адам көркем

мінезге иелік етеді. Қарны тоймай жүрген кісі Аллаға

асылық қылудан аулақ жүрсе, қарны тоқ кісі жақын

жүреді»

156

.

Алла елшісі (с.а.у.) басқа бір хадисінде:

«Үмбетім

үшін ең қатты уайымдайтын нәрсем: қарын салу,

артық тамақ жеу, көп ұйқы және түйсік-танымның

таяздығы»

, – деген. Бұл хадисте айтылған кеселдің бәрі

артық тамақ жеуден туындайды. Себебі, тән қажетінен

артық ас адамды жалқаулыққа, көп ұйқыға мәжбүр етеді.

Тіпті, күніне неше рет қайталанатын артық ас ішу, оны

қайта-қайта сыртқа шығару шамадан тыс уақытыңды

алғандықтан, уақыт ысырабына жол ашады. Мидың сер-

156

Тәзкиятун-нуфуус, құрастырған: Ахмад Фарид, 41-бет. «Дарул-

қалам» баспасы, Бәйрут.