Дін мен Діл-2
117
көрсетер қиындығына сабыр ете алмайтын адамнан
әлдеқайда қайырлы», - деген. Яғни, «халықтың ішінде
жүріп Хақпен бірге болуы»
ләзім
159
.
Сонымен қатар, кейде белгілі бір уақыт көпшіліктен
жырақтанып, оңашаланғанның да нәпсі тәрбиесіне, руха-
ни кемелденуге өзіндік оң әсері бар. Бұл оңашалану баста
айтқанымыздай үнемі емес, қажетіне қарай кей уақыттарда
ғана болуға тиіс. Оңашалануды сопылықта
«хилуат»
(оңашалану), «чилехана» (қырықтық)
деп те атайды.
Мұны жалғыз жасауға да болатыны секілді, мүршидтің
жетекшілігінде өзі сияқты бірнеше мүридтермен бірге
жасауға да болады.
Кісі күнделікті өмірде орындай алмай жүрген
түнгі тәһажжүд намазы, сәресіндегі
«истиғфар»,
дұға-
зікірлер секілді кейбір құлшылық түрлерін осы кезде
толық орындап бойын үйретеді, табиғатына айналдырып
әбден дағдыланады. Жоғарыда айтылған
«қиллатут-
тағам», «қиллатул-манам», «қиллатул-кәламды»
да
осы кезеңдерде жүзеге асырып, бойын үйретеді. Әдетте
күнделікті мазасыз тіршіліктің, жалт-жұлт еткен дүниенің
сән-салтанатынан, айқай-шуынан шығып, оңаша қалған
сәтте кісі терең ойға батып, құлшылыққа беріліп, ерекше
рухани күйге бөленеді. Өйткені былайғы уақытта адам
нәпсісін түрткілеп, құмарлығын оятатан, рухани кемел-
денуге кедергі келтіретін дүниелер өте көп болады.
«Оңашалану»
–мүридтіңбарлық дүниелік қатынастан
мүмкіндігінше қол үзіп, күнәсына тәубе етіп, мейлінше ру-
хани тазаратын, нәпсісін тыйып, көзін, тілін, құлағын ха-
рамнан сақтауға көмектесетін, жайшылықта қиынсынатын
159
Әрине, өзіне кері әсер ететін жүрісі қисық жолдастардан, пасық
адамдардан аулақ жүру қажет. Тек оларды тура жолға салып,
дұрыс бағыт беру үшін ғана бірге жүруге, олардан әсерлену емес,
керісінше өздеріне оң әсер ету үшін кей уақытта жандарынан
табылуға болады.