Дін мен Діл-2
119
Десек те, сопылық тариқаттарда оңашалануға көбіне
қырық күн таңдалған. Қырық күндік арнайы оңашалануға
арабша
«арбаъин»,
парысша
«чиле»
(қырық) делінеді.
Әсілінде кісінің бойындағы жағымсыз бір әдетін та-
стап, екінші бір жақсы әдетке үйреніп, оны өзінің ай-
нымас табиғатына айналдыруына кем дегенде қырық
күндік ыждақат, тынымсыз күрес қажет. Қырық күннің
маңыздылығын сопылар мынандай хадистер мен Құран
аятынан алған:
Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Кімде-кім
қырық күн барлық намазды алғашқы тәкбіріне
үлгеріп жамағатпен оқитын болса, екі нәрседен
аман болатындығына кепілдік жазылады. Біріншісі
тозақтан, екіншісі екіжүзділіктен аман болады»
160
.
Тағы бір хадисте:
«Кімде-кім қырық түн намаздың
алғашқы рәкатына үлгеріп құптанды жамағатпен
оқитын болса, Алла тағала оған оттан азат болуды
жазады»
161
.
Басқа бір хадисте:
«Кімде-кім қырық күн Алла
разылығы үшін ықыласпен амал ететін болса,
жүрегінен тіліне хикмет бұлағы ағады»
162
делінеді.
Сондай-ақ,
«Ағраф»
сүресінде:
«(Ғибадат, ораза
ұстаумен өткізген) отыз түннен кейін (Тәуратты
тапсыру үшін) Мұсамен уәделескен едік. Сосын оған
тағы да он күнді қостық. Осылайша Раббысының
оған (ғибдат жасау үшін) бөлген уақыты қырық
түнмен тәмамдалды»
163
делінген аятты да мысал ретінде
келтіруге болады. Аятта Мұса пайғамбардың Раббысы-
мен сөйлесуі әрі Тәуратты қабыл алуы үшін қырық күн
160
әт-Тирмизи.
161
Сағид Хауа, Тәрбиятунар-рухия, 125-бет. «Дарус-сәлам» баспасы,
Каир, 1997ж.
162
Әбу Нағим, Хилиа, 5-том, 189-бет.
163
«Ағраф» сүресі, 142-аят.