Previous Page  121 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 200 Next Page
Page Background

121

Зікір салудың дәлелі қандай?

Зікір салудың дінімізде дәлелі бар ма? Жалпы зікірдің

адамға қандай пайдасы бар? Жамағатпен яки алқа

түрінде зікір салу жайлы пікір білдірсеңіз?

Зікір сөзі

«еске алу», «еске түсіру»

деген мағынаны

білдіреді. Құранның

«Сөзсіз, Біз Зікірді (Құранды)

түсірдік. Біз оны өзіміз сақтаймыз»

164

деген ая-

тында зікір сөзі

«Құран»

мағынасында қолданылса,

«Уа, иман келтіргендер! Жұма күні намазға азан

шақырылғанда (намаз және құтпа арқылы) Алланы

зікір етуге асығыңдар!»

165

деген аятында

«жұма на-

мазы»

мағынасында келген. Сондай-ақ

«Білмесеңдер,

онда зікір (білім) иелерінен сұраңдар»

166

делінген аятта

«білім»

мағынасындақолданылған.АлҚұранныңкөпшілік

аяттарында

«зікір»

сөзі

«субханаллаһ», «әлхамдулиллаһ»,

«лә иләһа иллаллаһ»

деген сияқты зікірлерді айтуды

білдірген.

Мысалы,

«Намаздарыңдыөтегеннен кейінАлланы

тұрып та, отырып та, жантайып та зікір етіңдер»

167

,

«Уа, иман келтіргендер! Алланы көп зікір етіңдер!

Оны ертелі-кеш (сүбханаллаһ деп) ұлықтаңдар!»

168

,

«Аллаға иман келтіргендер және Алланы зікір етумен

жүректері жай тапқандар, біліп қойыңдар, жүректер

Алланы зікір етумен жай табады»

169

, «Ертелі-кеш

164

«Хижр» сүресі, 9-аят.

165

«Жұма» сүресі, 9-аят.

166

«Әнбия» сүресі, 7-аят.

167

«Ниса» сүресі, 103-аят.

168

«Ахзаб» сүресі, 41-42 аят.

169

«әр-Рағыд» сүресі, 28-аят.