Previous Page  107 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

107

көп қабатты тұрғын үйдің жобасын сызбайтыны тәрізді

«жүрек ілімі»

бойынша арнайы

«ижазаты»

жоқ адамдар

да пірлік, мүршидтік қызметті атқара алмайды

150

.

Қожа Ахмет Йасауи бабамыз шейх болу үшін ең әуелі

оның ижазаты болуы қажет екендігі жайлы былай дейді:

«Одан кейін бір «ер»

151

керек ирадетті

152

,

Болсын ол да бір ерден ижазатты

153

.

Шариғатқа сай болып кереметі,

Сондай ердің етегінен тұтмақ керек», – деп, пір болу

үшін

«ижазаттың»

қажет екенін білдірген.

Басқа бір хикметінде:

«Содан кейін, бір Ер керек бұған сардар,

Шариғаттың шеберлікпен жолын талдар,

Ондай ердің ғажап білгір болғаны абзал,

Сондай ердің айтқанынан шықпас керек», – деп,

шайхтың ең әуелі шариғат ғылымдарын терең меңгерген

болуы қажет екенін ескерткен.

Сондай-ақ, Құл Қожа Ахмет Йасауи жалған, білімсіз,

алаяқ пірсымақтардан былай деп сақтандырған:

«Шайхпын деп, ісіп кеуіп, Хақпен таласады,

Менмендікпен Тәңірдің сүйіктісі бола алмайды.

Өзі шірік, мұңсыздарға әулие болып,

Бұл дүниені момындарға зындан қылар», – десе, тағы

бір шумағында:

«Өзін шайх санайды, білімі жоқ,

Жиырма беске жетпей-ақ оның жасы.

Насихат айтар кәрі мен жасқа,

Айыра алмай тұрса да жақсы менен жаманды.

150

Абдул-Қадир Иса, Хақайқ анит-тасаууф, «Мұқаттам» баспасы, Каир,

2005ж. 63-64 беттер.

151

«Ер» деп бұл жерде мүршидтік дәрежеге жеткен адамды меңзеп

отыр.

152

Ирадетті – ерік-жігері мықты, қайратты.

153

Пір, мүршидтік қызмет атқаруға болады деген «рұқсатнама».