Previous Page  105 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

105

сын оны емдейтін, үнемі қадағалап отыратын рухани ем-

хана, сопылық тариқат, руханияты биік те білгір арнайы

мүршит, ұстаз қажет. Бұл емханада пайдаланатын рухани

рецептік дәрілердің бәрі Алла елшісінің (с.а.у.) көрсетіп

кеткен тәсілдеріне сай, дініміздің негізгі қағидаларына

қайшы болмауы шарт.

Рас, кісі өзінің рухани дертін көбіне байқай алмай

жатады. Тіпті сезген күннің өзінде көп жағдайда одан

толық айыға алмақ емес. Науқас адамның денесіндегі

ауруын білсе де, тіпті ол жайлы медицина кітаптарын

оқыса да дәрігердің көмегінсіз өз бетінше сырқатын ем-

дей алмайтыны секілді кемелденуді мақсат еткен адам

да жүрегіндегі рухани ауруларынан айығу үшін рухани

«дәрігерге»,

кемел пірге аса мұқтаж. Себебі жүректің ру-

хани дерті дене сырқатына қарағанда анағұрлым күрделі.

Себебі оның ауруы жасырын, созылмалы, көп қатпарлы

болып келеді. Бұл жайлы Имам әл-Ғазали былай дейді:

«Алла тағала құлына жақсылық қаласа, оған өзінің айы-

бы мен кемшіліктерін көрсетеді. Кімде-кімнің көкірек

көзі ояу болса, өз айыбын байқай алады. Егер кемшілігін

көре білсе, онда оны емдеу мүмкін болмақ. Бірақ көпшілік

жұрт өз кемшіліктерін көре алмайды. Өзгенің көзіндегі

шөпті көреді де, өз көзіндегі томарды байқамайжатады.

Кімде-кім өзінің кемшілігін білгісі келсе, онда оған мыны

төрт жол қажет: Біріншісі, нәпсінің кемшіліктерін

білетін, оның жасырын ауруларын көре алатын арнайы

шейхтан тәлім алып, тәрбиесінде болуы қажет. Сосын

нәпсімен күресте шейхының барлық кеңестерін толық

орындауы тиіс. Міне, бұл шейхтың мүридімен, ұстаздың

шәкіртімен болатын байланысы. Ұстазы мен шейхы оған

нәпсісінің кемшіліктері мен кеселдерін және одан айығу

жолдарын көрсетіп береді...»

149

.

149

Имам әл-Ғазали, Ихиаау-ъулуумид-дин, 3 том, 55-бет.