95
Сопылық жайлы қоғамда әртүрлі
керағар пікірлер бар. Жалпы сопылық
турасында түсіндірсеңіз?
Сопылық – мұсылманның Жаратқанға деген има-
нын амалмен күшейтетін, әрбір ісін Алланың өзін көріп
тұрғанын сезіне отырып жасауға баулитын, жүрегіне
Аллаға және елшісіне деген ерекше махаббатты оятып,
күллі адамзатқа, тіпті жалпы жаратылысқа деген мейірімі
мен жанашырлығын тереңдететін тәрбие мектебі.
Сопылық – адам рухын нәпсі үстемдігінен құтқарып,
өзінің
«мендігін»
ұмыттырып, Жаратқанның қалауына
толықтай бойұсынуға тәрбиелейтін үздіксіз күрес майда-
ны.
Сопылық жол – иман ақиқатына жетуді мақсат еткен
ұзақ та қиын жолаушылық.
Сопылық – кісінің көкірек сарайын мансапқорлық
пен атаққұмарлық, дүниеқұмарлық пен рияшылдық,
өзімшілдік пен тәкаппарлық, көрсеқызарлық пен
қызғаныш секілді рухани дерттен емдеп, жүрегін Алла-
дан басқа барлық нәрседен тазартып, шынайы ықыласқа
жетелейтін, тұла бойын барша жаман қылықтардан арыл-
тып, көркем қасиеттермен безендіретін тәрбие ошағы һәм
рухани емхана.
Алла елшісінің заманында неге сопылық
мектептері болмаған?
Сопылық Алла елшісінің (с.а.у.) заманында
ережелері мен тәсілдері бекітілген жеке ғылым ретінде
қалыптаспаған болатын. Себебі бұған қажеттілік жоқ еді.
Алғашқы ғасырдың адамдары Алла елшісінің (с.а.у.) за-