Дін мен Діл-2
91
Ханафи мәзһабы бойынша әйелдердің намаз
қимылдарындағы ерекшеліктер төмендегідей:
Ифтитах тәкбірін әйелдер екі алақанын құбылаға
қаратып, саусақ ұштарын иық деңгейіне дейін көтеріп
«Аллаһу әкбар»
деп жасайды.
Имам Бұхари өзінің
«құрратуль айнайн»
атты
еңбегінде Сүләймән ибн Умайрдың мына сөзін риуаят
етеді.
عن عبد ربه بن سليمان بن عمير قال: رَأَيْتُ أُمّ الدّرْدَاءِ تَرْفَعُ يَدَيْهَا
فِي الصّلاةِ حَذْوَ مَنْكِبَيْهَا «.
Ол:
«Мен (сахаба Әбу Дарданың зайыбы) Уммуд
Дарданың намазда екі қолын иық тұсына көтергенін
көрдім»,
– дейді
130
.
Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) Уәйл ибн Хужр
есімді сахабасына былай деген:
«Уа, Хужрұлы! На-
маз бастағанда екі қолыңды құлаққа дейін көтер. Ал,
әйелдер кеуде тұсына көтерсін»
131
.
Бұл хадис жоғарыдағы Ұмму Дарданың хадисіне
қайшы емес. Себебі, әйел кісі қолын кеуде тұсына
көтергенде қолдың саусақ ұштары иық деңгейіне
көтеріледі.
Сондай-ақ, осы екі хадистің астарына үңілсек, әйел
баласының намаздағы басқа да әрекеттері (рүкуғта,
сәжде, соңғы отырыста т.б.) әйелдің нәзіктігіне, жараты-
лыс ерекшелігіне сай әрі жинақы күйде орындалуы керек
екендігін аңғарамыз.
Әйел кісі көкірек тұсына, оң алақанын сол қолының
үстіне қояды. Білезіктерін қапсыра ұстамайды. Бұл олар
үшін жинақылық тұрғысынан абзал
132
.
130
Имам Бұхари «Құрратуль айнайн» №23 хадис.
131
Хайсәми, Мажмағуз-зауаид -2\222 бет, №2594 хадис.
132
Тәхәнәуи, Илә’әссүннә – 2/199 бет.; әл-Айни, Биная.; әл-
Шарнабәләли, Нуруль изах