89
Әйел
кісілердің
намазында
өзгешелік бар ма?
Әйелбаласымен ер кісілердіңнамаздарының
ара-сында бірнеше өзгешеліктер бар. Атап айтсақ,
әйелдер ер кісілер сияқты азан мен қамат айтпайды, беті
және білезікке дейін қолынан тыс жерлері жабық болады.
Намазын үйде оқуының мешітте оқуына қарағанда сауа-
бы молырақ. Әйелдердің намаздағы өзге қимылдары да
оның табиғатына сай атқарылады. Ендеше, ардақты Алла
елшісінің (с.а.у.) яғни еркектердің намаз оқығанындай
әйелдер де еш өзгеріссіз дәл солай жасауы керек деген
нәтиже шықпайды.
Исламдағы төрт мәзһаб ғалымдарының басым көп-
шілігінің берген пәтуасы бойынша, әйел баласының
намаздағы қимылының бәрі, еркектер сияқты еркін емес,
жинақы болуы маңызды. Мәселен, Мәлики мәзһабында
әйелдің намаздағы қимылдарының бәрі жинақы болуға
тиіс
126
. Әйелдердің киімі ашылып қалмауы әрі дене
мүшелерінің бедерленбеуі үшін олардың намаздарындағы
іс-әрекеттердің барлығы барынша жинақы болуы ба-
сты назарға алынған. Мысалы, тәкбір алғанда қолды
құлақ тұсына дейін көтерген жағдайда жеңдері сырғып
төмен түсетіндіктен білектерінің ашылып қалу қаупі бар.
Сондықтан олар тәкбірде қолдарын көкіректеріне дейін
ғана көтереді. Сондай-ақ қолдарын көкірек тұсына байлау
арқылы омырауларын қосымша көлегейлеген болады.
Ханбали мәзһабында да дәл солай. Ибн Құдама
«әл-
Муғни»
атты еңбегінде әйелдің намазындағы ерекшелігі
126
У.Зухайли, Маусуғатуль фиқһиль Исләми – 1/769-бет.