87
Үтір намазы неше рәкағат?
Ханафимәзһабында үтір намазыүшракағаттан
тұрады. Бұған дәлел әл-Хакимнің «әл-Мүстәдрак» атты
хадис жинағындағы риуаятта Айша анамыз былай дейді:
عن عائشة قالت: كان رسول الله صلى الله عليه و سلم يوتر بثلاث
لا يسلّم إلاَ في اخرهنّ، و هذا وتر أمير المؤمنين عمر بن الخطاب
رضي الله عنه، و عنه أخذه أهل المدينة.
«Алланың елшісі (с.а.у.) үтір намазын үш ракағат
етіп оқитын. Сәлемді тек соңында беретін».
Омар
ибн Хаттаб та осылай оқыды. Мәдина қаласының
мұсылмандары осыны алды
123
.
Ибн Мажәдағы сахих хадисте сахаба Абдулла ибн
Аббас былай дейді:
عن ابن عباس: أنّ رسول الله صلى الله عليه وسلّم كان يوتر ب(سبّحِ
اسم ربِك الأعلى) و (قل يا ايها الكافرون) و (قل هو الله أحد)
«Шынында Алланың елшісі (с.а.у.) үтір намазында
(біріншісінде «Фатихадан» кейін) «Ағла», (екіншісінде
«Фатихадан» кейін) «Кәфирун», ал (үшіншісінде «Фа-
тихадан» кейін) «Ықылас» сүресін оқитын»
124
.
Бұл хадис Айша анамыздан да жеткен.
Құнут дұғасында
«Аллаһу әкбар»
деп тәкбір алудың
дәлелі ретінде имам Бұхаридің
«Құрратуль ғайнайн»
атты
еңбегіндегі Әбу Османның риуаятын келтіруге болады.
Ол былай дейді:
«Хазірет Омар құнут дұғасына қолын
көтеретін (тәкбір алатын)»
125
.
123
әл-Хаким, әл-Мустадрак – 1/447 бет, №24/1140 хадис.
124
Ибн Мажә – 2\248бет, №1171-хадис.
125
Имам Бұхари, Қурратуль ғайнайн – №95 хадис.