Previous Page  90 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 200 Next Page
Page Background

90

Дін мен Діл-2

жайында былай дейді:

«Намаздағы ер кісілерге қатысты

үкімдер негізінде әйелдерге де қатысты. Бірақ әйел ба-

ласы рукуғда, сәждеде өзін жинақы ұстайды. Ал оты-

рыста молдас құрып (мүтәраббиға) немесе екі аяғын оң

жағына шығарып бүгіп оты-рады»

127

.

Шафиғи мәзһабында әйелдің намаз қимылдарында

төрт жерде өзгешелігі бар:

1. Рукуғда бір тізесін екінші тізесіне, бір аяғын

екінші аяғына тигізіп тұрады. Сәждеде де екі тізесі мен

екі аяғының арасын қосып, ішін санына тигізеді. Осылай

жасаса жинақы болады.

2. Еркектер жария оқитын намазды жария, іштен

оқитын намаздарды іштен оқиды. Әйелдер бөтен

еркектердің жанында намаз оқитын болса, дауыстары

естілмейтіндей етіп бәсең оқиды.

3. Намаздарына кедергі тудырар бір әрекет туындай

қалғанда ер кісілер

«Сүбханналлаһ»

десе, әйел кісілер оң

қолының алақанын сол қолының үстіне шапалақтайды.

4. Намазда еркектердің әурет жері кіндік пен тізе

аралығы жабылуы керек. Ал әйелдерде қолы мен бетінен

басқа жерлері жабық тұруы тиіс

128

.

«Әссунәнуль Кубра»

атты хадис жинағының авторы

хадисші әл-Байһақи әйелдің қимылы жайында:

«Әйелдің

намаздағы қимылдарындағы өзгешілік жинақылыққа

негізделген. Әйел кісі намазда жинақылыққа ең лайық

қимылды орындауға бұйырылды»,

– деген

129

.

Ендеше, Ханафи мәзһабымен қоса, өзге үш мәзһаб-

тың үшеуінде де әйел кісінің намаздағы қимылдары

жинақылыққа негізделгендігі бір ауыздан мақұлданған.

127

Ибн Құдама, әл-Муғни: әл-фарқ бәйнар ражули уәль мар’әти фис

сала, 1/599 бет.

128

У.Зухайли, Маусуғатуль фиқһиль Исләми – 1/777-779 бет.

129

Мустафа әл-Ғадуи, Жамиғуль Ахқамун Ниса – 1/376 бет.