Дін мен Діл-2
85
рәкат намаз оқитын еді»
116
дегені риуаят етілді. Ибн
Хажар Асқалани бұл хабарды
«сахих»
деп бағалаған.
Тіпті Абдурраззақтың
«Мұсаннафында»
Ибн Масғұдтың
жұманың алды мен артында төрт рәкат сүннет намаз
оқуды бұйыратындығы риуаят етілген. Ибн Масғұдтың
бұлай жасауы Алла елшісінен (с.а.у.) жұма намазының
алды мен артындағы сүннет намаздар жайлы қандай да
бір хадисті білгендігінен. Әйтпесе, үнемі Алла елшісінің
(с.а.у.)жанындажүретінсахабаныңмұндаймәселені ойдан
ижтиһадтпен айтпасы анық. Ибн Мәсғұдттың көзқарасын
Ибн Мүбарак, Сүфиянус-сәури сынды табиғиндер де
ұстанған
117
.
عن نَافِعٍ قال كان بن عُمَرَ يُطِيلُ الصّالَةَ قبل الْجُمُعَةِ وَيُصَلِّي بَعْدَهَا
رَكْعَتَيْنِ في بَيْتِهِ وَيُحَدِّثُ أَنّ رَسُولَ اهللِّ صلى الله عليه وسلم كان
يَفْعَلُ ذلك
Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді:
«Абдуллаһ
ибн Омар жұманың алдында намазды созып оқитын.
Ал жұмадан кейін үйіне барып екі рәкат намаз оқитын
еді. Сондай-ақ ол (ибн Омар) Алла елшісі де (с.а.у.) осы-
лай істейтінеді депайтатын»
118
.
Имамән-Нәуауиөзінің
«әл-Хұласасында»
Әбу Дәуітте риуаят етілген бұл хадисті
Бұхаридың шартына сай
«сахих»
деп бағалаған
119
. Бұл
риуаяттан жұма алдында нәпіл немесе сүннет намаздың
бар екенін аңғарамыз.
116
Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һүмам әс-Санъани, Мусаннафу Абдир-
Раззақ, 3-том, 247-бет. «әл-Мәктабул-ислами» баспасы, Бәйрут,
Һижри 1403 ж.
117
Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 2-том,
401-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
118
Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 1-том,
294-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
119
Әбу Закария Мухиддин ән-Нәуауий, Хулаасатул-ахкаам фи
муһимматис-сунан
уа
қауааъидил-ислам,
2-том,
811-бет.
«Муссисатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1997 ж.