Previous Page  84 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 200 Next Page
Page Background

84

Дін мен Діл-2

бесіннің алды мен соңында сүннет намаздары болатыны

секілді жұма парызының да алды мен артында да сүннет

намаз бар деген сөз

113

.

Имам ән-Нәуауи өзінің Мүслимнің

«Сахихына»

жазған«әл-Минһаж»

аттыкеңтүсіндірмесінде:

«Бесіннің

алдында оқылатын сүннет намазды жұманың алдын-

да да оқу сүннет»

деген.

عن علي قال كان رسول الله يصلي قبل الجمعة أربعا وبعدها أربعا

Хазреті Алидан (р.а.):

«Алла елшісі (с.а.у.) жұманың

алдында және артында төрт рәкаттан намаз оқитын

еді»

дегені риуаят етілді

114

. Бұл риуаяттың тізбегіне Ха-

фыз Зәйнуддин әл-Ирақи

«жәйид»

деп жақсы баға бер-

ген

115

.

Сондай-ақ Алла елшісінің (с.а.у.) жанынан бір

елі айрылмайтын ғалым сахаба Ибн Мәсғұдтың жұма

намазының алдында және артында төрт рәкат намаз

оқығандығы сахих жолмен риуаят етілген.

عن قتادة أن بن مسعود كان يصلي قبل الجمعة أربع ركعات وبعدها

أربع ركعات

Қадатадан (р.а.):

«Абдуллаһ ибн Мәсъуд (р.а.)

жұманың алдында төрт рәкат және соңында төрт

113

Бадруддин Әбу Мұхаммед Махмуд ибн Ахмад әл-Ъайни, Ъумдатул-

Қаари шарху Сахихил-Бұхари, 5-том, 126-бет. «Дарул-фикр» баспа-

сы, Бәйрут, 2005 ж.

114

Сүлейман ибн Ахмад ибн Айюб Әбул-Қасым әт-Табарани, әл-

Мұъжамул-әусат, 2-том, 172-бет. «Даарул-харамайн» баспасы, Каир.

Һижри 1415 ж.

115

Зәйнуддин Әбул-фадл Абдур-рахим ибн әл-Хусайни әл-Ирақи,

Торхут-тасриб фи шархит-тақрииб, 3-том, 36-бет. «Дарул-кутубил-

илмия» баспасы, Бәйрут, 2000 ж.