Previous Page  79 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

79

һәм толықтырушысы. Сондықтан парыз намаздың

соңғы сүннетінен кейін орындалған зікір, дұғаларға да

парыз намаздан кейін жасалды деп айтылады»

112

.

Сонымен қатар ханафи ғалымдары ізгі амалдардың

артынан жасалатын дұға-тілектердің қабыл болуға

жақынырақтығын ескере отырып, парыз намазды соңғы

сүннетімен бірге орындағаннан кейін барып қана дұға-

тілектің жасалғанын құп көрген. Себебі парыз бен соңғы

сүннет қоса атқарылғанда олардың ізгі амалдығы арта

түседі.

Түйін

Байқағанымыздай, зікір мен дұғаны намаздың соңғы

сүннетінен кейін жасаудың ханафи мәзһабында қуатты

дәлелі бар. Сондықтан оған бидғат деп немесе сүннетте

дәлелі жоқ деп асығыс

«пәтуа»

беру әсте дұрыс емес.

Төрт мәзһабтың бірін ұстанатындар әдетте бір-біріне

әрдайым құрметпен қараған. Әр мәзһабтың өзіндікшариғи

көзқарасы мен дәлелі болғандықтан бір-біріне түсінікпен

қараған.

Алайда бүгінгі таңда

«мәзһаб ұстанбаймын»

деп,

өздерін салафи атап жүрген мәзһабсыздар осындай

ұсақ мәселелерді қайта-қайта қазбалап, жамағат арасы-

на іріткі салып жүр. Олар өздерінің аннан-мұннан шала

оқыған немесе жарым естіген жарты ойын түгелдей ис-

лам деп пайымдайды. Өздері ұнатқан діни көзқарасты

басқаша түсінуге болмайтын Құранның анық аяты не-

месе Алла елшісінің нақты сүннеті деп біледі. Міне,

сондықтан олар өздерінен өзгеше ойлайтындардың бәрін

бидғатшы деп шала бүлінеді. Шын мәнінде, олар діннің

112

Ибн Ъабидин Мұхаммед Амин ибн Омар, Хашияту ибн Ъабидин

раддул-мұхтар ъала дуррул-мұхтар, 3-том, 424-бет. «Дарус-сақафати

уат-турас» баспасы, Сирия, Дамаск, 2000ж.