Дін мен Діл-2
77
зікір мен дұға егер парыздан кейін дереу жасалатын бол-
са, жоғарыда Айша анамыздан риуаят етілген хадиске
қайшы болмақ. Яғни, намаздан кейін жасалуы сүннет
«Аятул-курсиді» немесе «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін
оқу, 33 рет «Сүбханаллаһ», 33 рет «Әлхамдулиллаһ»,
33 рет «Аллаһу әкбар» және «Лә иләәһа иллаллаһу
уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду
уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» сынды дұғаларды
айту «Аллаһумма антас-салаам уа минкас-салаам,
тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-икраам»
дейтіндей
мезгілден көп уақытты алатындығы сөзсіз. Ал Алла елшісі
(с.а.у.) Айша анамыз жеткізгендей парыз намазынан кейін
шамамен тек «Аллаһумма әнтас-салаам уа минкәс-сәлаам,
тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-икраам» дейтіндей уақыт
қана отыратын.
Ендеше, Алла елшісі (с.а.у.) соңғы сүннеті бар па-
рыз намаздарынан кейін
«Аллаһумма әнтас-салаам
уа минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали
уал-икраам» дұғаларына шамалас қысқа зікірлерді
айтқаннан кейін орнынан тұратын да, мешіттің
шетінде орналасқан бөлмесіне барып, намаздың
соңғы сүннетін сонда оқитын. Артынан жоғарыда
келтірілген ұзағырақ зікір, дұғаларды жасайтын. Ал
соңғы сүннеті жоқ «таң» мен «екінті» намаздарын-
да Алла елшісі (с.а.у.) зікір мен дұғаны дереу парыз
намаздан кейін жасайтын. Алла елшісінің (с.а.у.):
«Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқығаннан кейін
күн шыққанша Алланы зікір етіп отыратын болса, со-
дан кейін екі рәкат намаз оқыса, толық қажылық пен
ұмраның сауабын алады. Толық, толық, толық»
111
де-
ген хадисі осы айтқанымызды нақтылай түспек.
111
Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 2-том,
481-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.