Previous Page  78 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 200 Next Page
Page Background

78

Дін мен Діл-2

Тарқатып түсіндірер болсақ,

«Алла елшісі (с.а.у.)

намазда сәлем бергеннен кейін тек «Аллаһумма әнтас-

салаам уа минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали

уал-икраам» дейтіндей уақыт қана отыратын»

делінген хадис ақырғы сүннеті бар парыз намаздарына

байланысты болады да, ал парыздан кейін сүннеті жоқ

«таң»

мен

«екінді»

намазы бұдан тыс қалмақ.

Яғни,

«Аятул-курсиді» және 33 рет «сүбханаллаһ»,

33 рет «әлхамдулиллаһ», 33 рет «Аллаһу әкбар», «Лә

иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку

уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир»

сынды

ұзағырақ зікір, дұғалардың

«парыз намазынан»

кейін

айтылатындығын білдіріп келген кейбір риуаяттарды ха-

нафи ғұламалары сүннеті жоқ парыз намаздардан кейін

деп түсінген. Сондай-ақ, хадистердегі

«парыз намазынан

кейін»

деген анықтаушы сөз – зікір мен дұғаның соңғы

сүннеттен кейін айтылуына мүлдем қайшы емес. Себебі

парызнамаздардыңбекітілгенсүннеттері солнамаздардың

маңызды бөлігіне жатады. Себебі бұл сүннет намаздар

«тәһажжүд»,«сәске»

намаздарысекілдіжекебасынабөлек

намаз емес, парыздардың алдында немесе артында бірге

орындалады. Мысалы,

«бес уақыт намазымды оқыдым»

деген кезде, әдетте парыз намазбен қатар сүннеттерін де

оқығандығы білдіріледі. Міне, сондықтан хадистердегі

ұзағырақ дұғалардың

«парыз намазынан кейін»

оқылады

дегенін ханафи ғалымдары сүннетімен бірге парыз нама-

зынан кейін деп түсінген. Бұл жайлы ханафи ғалымы ибн

Ъабидин

«Раддул-мұхтарда»

былай дейді:

«Зікірлердің

парыз намаздың артынан жасалатындығына байланы-

стыжеткен хадистер олардың сүннет намазынан бұрын

жасалатындығын емес, керісінше соңғы сүннеттен кейін

орындалатындығын білдіреді. Себебі сүннет намаздар

парыз намаздан бөтен емес, оның ажырамас бір бөлігі