Previous Page  73 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

73

Бұл хадис

«Алладан басқа тәңір жоқ»

деген

мағынаны білдіретін

«иллаллаһ»

сөзі айтылған кезде сұқ

саусақты көтеріп, Алланың бір, жалғыз екендігін иша-

рат ету – бейне бір шайтанды темірмен ұрғандай дегенді

білдіреді. Яғни, Алла бір деген мағынаны саусағыңды

көтеріп, ишарат ету арқылы қуаттай түсу шайтанға ауыр

соққы деген сөз. Әйтпесе қолдың астында шайтан тұр,

саусақты үздіксіз қимылдатқан сайын шайтанның басы-

на ұрасың дегенді білдірмейді. Бірақ хадистің астарына

терең үңілмейтін танымы таяз базбір жандар мұны осы-

лай түсініп жүргені өкінішті-ақ.

Бұл жайлы Хафиз Әбу Бәкір Ибнул-Араби

әл-Мәлики

«

Ъаридатул-ахуази»

атты

Тирмизиге

жазған түсіндірмесінде былай дейді:

«Тәшаһһудта

саусақтарыңды үздіксіз қимылдатудан сақ болыңдар!

Сұқ саусақты үздіксіз қимылдатсаң, шайтанға ол

тоқпақ болады дейтіндерге таң қаламын. Біліп

қойыңдар! Сендер шайтанға бір саусақтарыңды

қимылдатсаңдар (бір рет ұрсаңдар), ол сендерге он

рет қарсы қимылдатады (Яғни, намазда көңілдеріңді

қажетсіз бос нерсеге бұру арқылы сендерге он

рет ұрған болады). Шын мәнінде, шайтанды

саусақтарыңды үздіксіз қимылдатумен емес, оны

өздеріңнің ықыластарыңмен, Алла алдында шы-

найы берілулеріңмен (хушууъ), зікір-дұғаларыңмен,

шайтаннан

Аллаға

сыйынуларың

арқылы

тоқпақтайсыңдар»

106

.

106

Ал-имамул-Хафиз Ибнул-Араби әл-Мәлики, Ъаридатул-ахуази

бишархи сахихут-тирмизи, 2-том, 85-бет. «Дарул-кутубил-ъилмия»

баспасы, Египет.