70
Дін мен Діл-2
Сондай-ақ, Абдуллаһ ибн Зубайрдан риуаят етілген
хадисте саусақтың үздіксіз қимылдатылмайтындығы
анық айтылған.
عن عبد الله بن الزبير أنه ذكر أن النبي صلى الله عليه وسلم كان
يشير بأصبعه إذا دعا لا يحركها
Абдуллаһ ибн Зубайрдан риуаят етілді. Ол былай
деді:
«Алла елшісі дұға жасағанда (намазда әттахият
дұғасын оқыған кезде) саусағымен ишарат ететін де
оны үздіксіз қимылдатпайтын»
100
.
ИмамМұхиддинән-НауауиНасайдежәнеӘбуДәуітте
келген бұл хадисті
«сахих»
деп бағалаған
101
. Сондай-ақ,
бұл хадисті әл-Бәйһақи, ибн Хиббан, әз-Заһаби сынды ха-
дис білгірлері де сахих деп бағалаған
102
.
Ал енді сұқ саусақты көтеріп, оны үздіксіз қимылдата
отырып дұға жасау керек дейтіндер мынандай хадиске
сүйенеді:
أَنّ وَائِلَ بن حُجْرٍ أخبره قال قلت ألََنْظُرَنّ إلى صَالَةِ رسول اهللِّ
صلى الله عليه وسلم كَيْفَ يُصَلِّي فَنَظَرْتُ إليه ....ثُمّ قَبَضَ اثْنَتَيْنِ من
أَصَابِعِهِ وَحَلّقَ حَلْقَةً ثُمّ رَفَعَ إِصْبَعَهُ فَرَأَيْتُهُ يُحَرِّكُهَا يَدْعُو بها
УайлибнХужрданриуаятетілді.Олбылайдеді:
«Алла
елшісінің қалай намаз оқитынын көргім келді. Оның
былай оқығанын көрдім... Сосын саусақтарының екеуін
100
Әбу Бәкір Ахмед ибн әл-Хусайн ибн Али ибн Муса, әс-Сунанул-
Бәйһақил-кубра, 2-том, 131-бет. «Дарул-Баз» баспасы, Мекке қаласы,
1994 ж. Қосымша қараңыз: Сулеймен Ибнул-Әшъас Әбу Дәуіт
ас-Сажистани, Сунану Аби Дәуіт, 1-том, 260-бет. «Дарул-фикр»
баспасы.
101
Мұхиддин ән-Науауи, әл-Мәжмууъ, 3-том, 417-бет. «Дарул-фикр»
баспасы, Бәйрут, 1997ж.
102
Хасан ибн Али ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 2-том, 638-
бет. Дарур-Рази» баспасы.