67
Намазда отырғанда сұқ саусақты
бір рет көтеру жеткілікті ме?
Мешітте намазда
«әттахиятқа»
отырғанымда
жанымдағы кісі оң қолының сұқ саусағын көтеріп, оны
жоғары-төмен үздіксіз қимылдата бастады. Намаз бойы
ойым бұзылып, расын айтайын, әлгі кісіге ашуым келді.
Кейін сұрағанымда, бұлай істеу - Алла елшісінің сүннеті,
ал саусағыңның қимылы – шайтанның басына ұрылған
темір тоқпақ, - деді. Осы сөз қаншалықты рас?
Намазда
«әт-тахият»
дұғасының
«иллаллаһ»
яғни,
«Тек қана Алла бар»
деген жерінде сұқ саусақты
көтеріп, Алланың бір, дара екендігін ишарат ету барлық
мәзһабтарда мұстахаб амал. Яғни істесең сауап, істемесең
күнә емес. Ханафи мәзһабындағы айырмашылық мынау:
сұқ саусақ
«Лә иләһа»
деген кезде көтеріліп,
«иллаллаһ»
деген кезде түсіріледі. Сұқ саусақты көтеріп, ишарат ету
«Алладан басқа тәңір жоқ»
деген мағынаны қуаттау
үшін жасалады.
Ал енді сауалда сұралған намазда сұқ саусақты
көтеріп, оны үздіксіз қимылдату мәкрүһ амалға жатады.
Шафиғи мәзһабының белді ғалымы Имам Мұхиддин
ән-Науауи өзінің
«әл-Мәнсуураат фи ъуюунил-масаайлил-
муһиммат»
атты пәтуа жинағында:
«Тәшаһһүдте
оң қолдың сұқ саусағымен ишарат ету мұстахаб
амал ма? Және қай уақытта ишарат етіледі? Және
саусақты үздіксіз қимылдатады ма? Жоқ әлде үздіксіз
қимылдату арқылы намаз бұзылады ма? Және оң
қолмен қатар сол қолдың да сұқ саусағымен ишарат
жасалады ма? Егер оң қолдың сұқ саусағы жоқ болса,