Previous Page  69 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

69

Мәлики мәзһабындағы танымал пәтуа бойынша сұқ

саусақ үздіксіз қимылдатылмайды, тек ишарат етіледі.

Бұл жайлы мәлики ғалымы Имам Ибнул-Хажиб өзінің

«Мұхтасарында»

айтып өткен

98

.

Бұл,міне, сұқсаусақтыүздіксізқимылдатудыңмәкрүһ

амал екендігіне байланысты мәзһаб ғұламаларының бер-

ген жауабы. Сұқ саусақтың үздіксіз қимылдату емес,

тек қана жоғары көтеріп Алланың бір екендігіне ишарат

жасалатындығына байланысты сахих Мүслимде Ибн

Омардан мынандай хадис риуаят етілген:

عَلِيِّ بن عبد الرحمن الْمُعَاوِيِّ أَنّهُ قال رَآنِي عبد اهللِّ بن عُمَرَ وأنا

أَعْبَثُ بِالْحَصَى في الصّالَةِ فلما انْصَرَفَ نَهَانِي فقال اصْنَعْ كما كان

رسول اهللِّ صلى الله عليه وسلم يَصْنَعُ فقلت وَكَيْفَ كان رسول اهللِّ

صلى الله عليه وسلم يَصْنَعُ قال كان إذا جَلَسَ في الصّالَةِ وَضَعَ كَفّهُ

الْيُمْنَى على فَخِذِهِ الْيُمْنَى وَقَبَضَ أَصَابِعَهُ كُلّهَا وَأَشَارَ بِإِصْبَعِهِ التي تَلِي

الِْبْهَامَ وَوَضَعَ كَفّهُ الْيُسْرَى على فَخِذِهِ الْيُسْرَى

Али ибн Абдиррахман әл-Муъауи былай деді:

«Аб-

дулла ибн Омар менің намазда кішкентай тастармен

ойнап отырғанымды көрді. Намаз біткен соң ол мені

бұл істен тыйды да: «Алла елшісінің істегеніндей

істе!» – деді. Мен: «Алла елшісі қалай жасайтын еді?»

– деп сұрадым. Ол былай деді: «Алла елшісі намазда

отырған кезде оң алақанын оң санының үстіне қойып,

саусақтарын жиып, сұқ саусағымен ишарат ететін.

Ал сол алақанын сол санының үстіне қоятын»

99

.

98

Хасан ибн Али ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 2-том, 640-

бет. «Дарур-Рази» баспасы.

99

Сахих Муслим, 1-том, 408-бет. «Дәру Ихиа`ит-турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.