Previous Page  66 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 200 Next Page
Page Background

66

Дін мен Діл-2

ойыңды бұзып, көңіліңді қажет емес нәрсеге бұрғызады.

Тіпті, жаныңдағының да мазасын алып, құтын қашырады.

Сондай-ақ, сапқа тұрғанда тобықты емес, өкшені

жаныңдағы адамның өкшесіне тигізу қажет дейтін жаңсақ

«пәтуаларды» да естіп қаламыз. Аяқтың табиғи формасы

өкшеге қарай кіріңкі болғандықтан, өкшені жаныңдағы

адамның өкшесіне, тіпті тобықты тобығына тигізген

уақытта жаппай қатардағы адамдардың аятарының басы

ішке қарай қисайып, көзге ерсі көрініс пайда болады.

Яғни табиғи тұрыстан ауытқуға әкеліп соғады. Бұл әрине

шариғаттың талабы емес екені айтпаса да түсінікті.