Previous Page  63 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

63

тигізетіндігін көретінмін...» десе, сахаба Әнәс бұл хадисті

жеткізген соң «

»وكان احدنا يلزق

«арамызда кейбіреуі»

иықтары мен аяқтарын қатарлас адамға тигізетін...»

деп өз сөзін қоса жеткізген. Аталмыш сахабалардың

сөздерінен намазда аяқты алшайтып тұру керек деген

үкім шықпайды. Үңіліп қараған адам мынадай тұжырым

шығарады:

1. Сахаба Әнәс риуаят еткен хадисті Әбу Һұрайра да

риуаят еткен

89

. Алайда ол «аяқтарын тигізетін» деген сөз

қоспаған. Ендеше, осы хадисті естіген Әбу Һұрайраның

қасында тұрғандар аяқтарын тигізбейтін.

2.

«Кейбіреуі»

деген сөз сахабалардың барлығы

аяқтарын тигізбегендеріне дәлел. Егер Пайғамбарымыз-

дың (с.а.у.) бұйрығы болса, яки Өзі жасаған ісі болса

өзге сахабалар да солай етер еді. Себебі Алланың елшісі

(с.а.у.):

«Менің қалай намаз оқығаныма қарап, сендер де

солай оқыңдар»,

- деген.

3. Сөйлем

«тигізетін еді»

және

«көретін едім»

деп

өткен шақта қолданылған. Яғни, бұл сол кезден кейін

ешкім бұл әрекетті қайталамаған. Бұл жайында әйгілі

ғұлама хадисші Ибн Хажар әл-Асқалани (Хижри 773-852

ж.) Сахих Бұхариге жазған түсіндірмесінде атал-мыш са-

хаба Әнәс риуаят еткен хадиске түсініктеме беру бары-

сында былай дейді:

قوله: «وكان أحدنا إلخ» وأفاد هذا التصريح ان الفعل المذكور كان

في زمن النبي صلي الله عليه وسلم

Әнәстің

«арамыздағы кейбіреулер»

деген сөзі атал-

мыш әрекет тек Пайғамбарымыздың заманында ғана

болған дүние екенін айғақтайды»

90

.

89

Һәйсәми, Мәжмәғуз-Зәуаид - 1/202 бет, №2493 хадис. Бұл хадисті

жеткізгендердің бәрі сенімді деген.

90

Асқалани, Фатхуль Бари – 76-баб/725 хадис түсіндірмесі.