Дін мен Діл-2
61
арқылы оларғажұмсақтық көрсетіңдер.Шайтанға бос
орын қалдырмаңдар. Кім саптағы бос орынды толты-
ру арқылы сапты жалғастырса, Алла онымен жақсы
қатынаста болады. Ал кім-де кім сапты үзсе, Алла да
одан рақымын, нығметін үзеді»
86
.
عن الْبَرَاءِ بن عَازِبٍ قال كان رسول اهللِّ صلى الله عليه وسلم يَتَخَلّلُ
الصّفّ من نَاحِيَةٍ إلى نَاحِيَةٍ يَمْسَحُ صُدُورَنَا وَمَنَاكِبَنَا وَيَقُولُ الَ
تَخْتَلِفُوا فَتَخْتَلِفَ قُلُوبُكُمْ وكان يقول إِنّ اهللَّ وَمَالَئِكَتَهُ يُصَلّونَ على
الصّفُوفِ األُْوَلِ
Бараа ибн Ъазибтан риуаят етілді. Ол былай деді:
Алла елшісі (с.а.у.) саптардың ана жағынан мына жағына
аралап жүріп кеуделеріміз бен иықтарымызды сипап
көретін де былай дейтін:
«Әр түрлі әрі шашыраңқы
болмаңдар. Себебі соның салдарынан жүректерің
әртүрлі болып кетеді. Алла алдыңғы қатардағыларға
рақым етіп, дәрежесін көтереді. Ал періштелер оларға
игі дұға тілейді»
87
.
Жоғарыда келтірілген риуаяттардан Алла елшісінің
(с.а.у.) намаз қатарларының түзу әрі жинақы болуына
және алдыңғы қатар толмай жатып келесі сапқа тұрмауға
қаншалықты көңіл бөлгендігін байқаймыз. Сондықтан
мұсылмандар жамағат намазында осы мәселелерді үнемі
қаперде ұстап, көп көңіл бөлулері қажет. Себебі саптың
бұзылуы жамағат намазының сауабын кемітетін мәкрүһ
амал. Бұл жайлы әр намаз алдында имамдарымыздың
ескертіп отырғаны абзал.
86
Сулеймен Ибнул-Әшъас Әбу Дәуіт ас-Сажистани, Сунану Әби
Дәуіт, 1-том, 177-бет. «Дарул-фикр » баспасы.
87
Сулеймен Ибнул-Әшъас Әбу Дәуіт ас-Сажистани, Сунану Әби
Дәуіт, 1-том, 177-бет. «Дарул-фикр » баспасы.