Previous Page  59 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 200 Next Page
Page Background

59

Намазда аяқты аяққа тигізіп тұру

міндет пе?

Бірде мешітке намаз оқуға барғанымда жанымдағы

кісі аяғымды өзіне қарай тартып жақындатты.

Тобығымен тобығымды тигізуін ымдады. Намаз бойы

қайта-қайта осы әрекетін қайталап, құлшылыққа деген

көңілімді бұзып тұрды. Кейін де дәл осылай жасайтын

жастарды жиі кездестіретін болдым. Сұрайын дегенім,

намазда бір қатардағы мұсылмандар арасындағы

арақашықтық қандай болуы керек? Тобықты тобыққа

тигізіп тұру керек пе?

Сұрағыңызға жауап бермей тұрып дінімізде жалпы

намаз қатарының қалай болуы керектігіне тоқталайық. Ис-

лам діні үнемі мұсылмандарды тәртіпке, бір жүйелілікке,

реттілікке шақырады. Рухтың бірлігіне көңіл аударғаны

тәрізді сыртқы көрініске де аса мән береді. Себебі сыртқы

көріністегішашыраңқылықрухтың, ішкі әлемніңдесондай

бытыраңқы күйге түсуіне әкеп соғады. Ал ішкі дүниенің

бейберекетсіздігі сыртқы көрініске де кері әсерін тигізбей

қоймайды. Сондықтан Алла елшісі намазда саптың түзу

әрі арада бос жер қалмауына, алдыңғы сап толмай жатып

келесі қатарға тұрмауға көңіл бөлетін. Бұл жайлы мына

хадистерге назар аударайық:

ِعن أبي هُرَيْرَةَ عن النبي صلى الله عليه وسلم أَنّهُ قال: وَأَقِيمُوا

الصّفّ في الصّالَةِ فإن إِقَامَةَ الصّفِّ من حُسْنِ الصّالَة