Previous Page  65 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

65

қинап арнайы жаттықтырмастан мүмкін бе? Тіпті

одан кейін де мүмкін емес. Бұл кейінгілердің шығарған

ісі. Салафтарда мұндай нәрсе жоқ»

92

.

Алла елшісі жоғарыда Әбу Дәуітте келген риуаятта

жәнебасқадахадистерде сахабалардыңтобықтарыныңбір-

біріне тиіп-тимегендігін емес, иықтар мен көкіректердің

бір қатарда болуына, арада бос жер қалмауына, саптың

жинақы әрі түзу болуына назар аударған. Сондықтан

бос жер қалмайтындай иықтар бір-біріне жанасқаннан

кейін екі аяқтың арасы табиғи арақашықтан көп болмауға

тиіс. Екі аяқ арасының мөлшері шафиғи мәзһабында бір

қарыс, мәлики және ханбали мәзһабатарында көзге ерсі

көрінетіндей алшақ емес, орташа болғаны жөн

93

. Ал Ха-

нафи мәзһабында екі аяқтың арасы төрт елі мөлшерінде

деп көрсетілсе де

94

, бұл барлық адамға бірдей мөлшер

емес. Себебі адам денесі әр түрлі болғандықтан, екі аяқ

арасының арақашықтығы дененің ірі-кішілігіне, екі

аяғының табиғи арақашықтығына қарай өзгеріп отыра-

ды. Төрт елі өлшемі бұл екі аяқтың бір-біріне жабыспауы

үшін

«кем дегенде»

мағынасында айтылса керек.

Тобықты тобыққа тигіземін деп екі аяқтың ара-

сын табиғи мөлшерден артық ашу құлшылықтың ру-

хына қайшы, Алла алдындағы әдепке теріс. Сондай-ақ

жаныңдағы адамның тобығына тобығыңды тақау қиямда

тұрған кездің өзінде адам денесінің әр түрлілігі мен ұзын-

қысқалығына байланысты қиыншылық тудырса, сәжде

кезінде тіптен мүмкін емес. Сәждеден тұра сала қайтадан

жаныңдағының тобығын іздеп, әуре болу намазда

92

Әнуар Шаһ әл-Кашмири, Файдул-Бари

93

Уаһбатуз-Зухайли, әл-фиқһул-ислами уа адиллатуһ, 2-том, 882-бет.

«Дарул-фикр» баспасы, Димашқ, 2006 ж.

94

Мұхаммед Амин ибн Ъумар, Хашияту Ибн Ъабидин – Радул мұхтар

ала дуррул-мұхтар, тахқиқ док. Хусамуддин ибн Мұхаммед Салих

Фарфур, 3-том, 150-бет. «Дарул-Башайр» баспасы, Димашқ, 2000ж.