68
Дін мен Діл-2
сол қолдың сұқ саусағымен ишарат жасауға болады
ма?» деген сұрақтарға былай деп жауап берген: «(Әт-
тахият дұғасындағы) «иллаллаһ» сөзінде бір рет оң
қолдың сұқ саусағын көтеріп, (Алланың бір екендігіне)
ишарат жасау мұстахаб. Бірақ оны қайта-қайта
қимылдатпайды. Егер үздіксіз қимылдатса, намазы
бұзылмағанымен мәкрүһ болады. Намазы бұзылады деп
те айтқандар бар. Оң қолдың сұқ саусағы бар болса да,
жоқ болса да сол қолдың сұқ саусағыменишаратжасал-
майды. Ал егер жасайтын болса, намаз бұзылмағанмен
мәкрүһ болады»
95
.
Ал ханбали мәзһабының ғұламасы Ибн Құдама
өзінің
«әл-Мұғни»
атты мәшһүр кітабында былай дейді:
«Тәшаһһұдта (иллаллаһ деп) Алланы айтқан кезде
сұқ саусақты көтеріп, (Алланың бір екендігіне) иша-
рат жасайды. Өйткені Абдуллаһ ибн Зубайрдан Алла
елшісінің (с.а.у.) саусағымен ишарат қана жасайты-
ны және оны үздіксіз қимылдатпайтындығы риуаят
етілген»
96
.
Сондай-ақ, ханбалимәзһабыныңбелді ғалымдарының
бірі Мансур ибн Юнус ибн Идрис әл-Бәһути өзінің
«әр-Раудул-мұраббаъ»
атты кітабында былай дейді:
«Намаздың тәшаһһүдінде және дұғасында және
басқа жердегі дұғаларда да (иллаллаһ деп) Алланың
аты айтылған кезде Алланың бір екендігін білдіру
мақсатында сұқ саусақпен ишаратжасайды. Бірақ сұқ
саусақты үздіксіз қимылдатпайды»
97
.
95
ИмамМұхиддин ән-Науауи, әл-Мәнсуураат фи ъуюунил-масаайлил-
муһиммат, 93-94-беттер. «әл-Мактабул-ислами» баспасы, Бәйрут,
«әл-Ишрақ» басқасы, Дауха, 2001 ж.
96
Абдуллаһ ибн Ахмед ибн Құдама әл-Мақдиси, әл-Мұғни, «Дәрул-
фикр» баспасы, Бәйрут, һижри 1405 ж.
97
Мансур ибн Юнус ибн Идрис әл-Бәһути, әр-Раудул-мұраббаъ,
1-том, 179-бет. «Мәктабатур-рияд әл-хадиса» баспасы, Рияд,
һижри 1390 ж.