Previous Page  72 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 200 Next Page
Page Background

72

Дін мен Діл-2

мақсат – оны үздіксіз қимылдату емес, саусақты жоғары

көтеріп, ишарат ету деген сөз. Себебі бір рет жоғары

көтерудің өзі қимылдатуға жатады. Сонда Мүслимдегі

және басқа да хадистердегі

«саусағын көтеріп, иша-

рат ететін»

еді деген хадистерге мағыналас болады.

Бұл жайлы Имам әл-Бәйһақи былай дейді:

«Уайл ибн

Хужрдың риуаятындағы «қимылдататын еді»

деген

сөздің мағынасы үздіксіз қимылдату емес, саусақты бір

рет көтеріп, (Алланың бір екендігіне) ишарат ету болуы

ықтимал. Осылай түсінген жағдайда бұл риуаят Абдуллаһ

ибн Зубайрдың

«қимылдатпайтын еді»

деген риуаяты-

на сәйкес келеді»

105

.

Ал сауалда сұралған саусақты қимылдату шайтанға

тоқпақ» деген түсінікке келер болсақ, біріншіден

бұл мағынада риуаят етілген хадистердің бәрі әлсіз.

Екіншіден бұл хадистегі

«темірден де қатты»

сөзі тура

мағынасында емес, ауыспалы мағынада келген. Мысалы,

Ахмад ибн Ханбалдың

«Мұснадында»

келген Нафиътың

риуаятын тарқатып түсіндіріп көрейік.

عَنْ نَافِعٍ قَالَ كَانَ عَبْدُ اهللِّ بْنُ عُمَرَ إِذَا جَلَسَ فِي الصّالَةِ وَضَعَ يَدَيْهِ

َعَلَى رُكْبَتَيْهِ وَأَشَارَ بِإِصْبَعِهِ وَأَتْبَعَهَا بَصَرَهُ ثُمّ قَالَ قَالَ رَسُولُ اهللِّ صَلّى

اهللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ لَهِيَ أَشَدّ عَلَى الشّيْطَانِ مِنْ الْحَدِيدِ يَعْنِي السّبّابَة

«Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді:

«Абдуллаһ ибн Омар намазда отырғанда екі қолын

тізесіне қоятын да саусағымен ишарат ететін. Көзін

саусағына жүгіртетін. Сосын Алла елшісі: бұл яғни,

сұқ саусақ шайтанға темірден де қатты деп айтты,

– деді» .

105

Ахмад ибн Ханбал Әбу Абдиллаһ әш-Шайбани, Муснаду Ахад ибн

Ханбал, 2-том, 119-бет. «Муссисату Қуртуба» баспасы, Мысыр.