Previous Page  75 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 200 Next Page
Page Background

75

Дұға парыз намаздан кейін дереу

жасалу керек пе?

Мешітте парыз намаз біткеннен кейін жалпы

жамағат намаздың соңғы сүннетін оқиды. Сосын ғана

зікір тартып (33 рет субханалла, 33 Әлхамдулиллаһ, 33

рет Аллаһу әкбар), дұға жасайды. Ал бірен-саран кісілер

парыз намаздан кейін бірден зікір, дұғаларын жасап жа-

тады. Содан кейін ғана сүннет намазды оқыса оқиды,

әйтпесе тұрып кетеді. Олардың ойынша парыздан кейін

бірден зікір айтып, дұға жасау сүннет. Ал оны ханафи

мәзһабындағыдай сүннет намазынан кейінгі уақытқа

қалдыру Алла елшісінің сүннетіне теріс амал көрінеді.

Сізден сұрайын дегенім, олардың айтқан осы уәждерінің

шариғи негізі бар ма? Ал біздің жасап жүргеніміз шыны-

мен сүннетке қайшы ма?

Жалпы парыз намаздардан кейін зікір айтып, дұға

жасау – сүннет. Алла елшісінің (с.а.у.) бұған қатысты са-

хих хадистері жеткілікті. Мысалы, Әбу Һурайрадан (р.а.)

жеткен Мүслимдегі риуаятта Алла елшісі былай дейді:

«Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет «Сүбханаллаһ»,

33 рет «Әлхамдулиллаһ», 33 рет «Аллаһу әкбар» десе,

бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал жүзіншісінде

«Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-

мулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир»

деп айтса, теңіз толқынының көбігіндей күнәсі болса

да кешіріледі»

107

.

107

Сахих Муслим, 1-том, 418-бет. «Дәру Ихиа`ит-турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.