80
Дін мен Діл-2
тармақ мәселелерінде түрлі көзқарастың болатындығын
қабылдамау арқылы өздерінің нағыз бидғатшыға
айналғандарын біле бермейді.
Бүгінде мешіттерімізде имамның жетекшілігінде на-
маз соңында тәспі тартылып, жамағатпен бірге дұға жаса-
лады. Мұндағы мақсат намаздан кейінгі зікір-дұғаларды
оларды әлі дұрыс біле бермейтін кейбір жандарға үйрету.
Сондай-ақ көп адамдар Алла елшісінің (с.а.у.) намаз
соңындағы зікір, дұғаларға қатысты маңызды сүннетін
орындауға аса мән бермей, көбіне тәрк қылып жатады.
Сондықтан имам дауыстап тәспі тартуды бастап берген-
де, жамағат та өздері әрі қарай ілесіп тартып, маңызды
сүннетті орындап жүр.
Кейбір кісілер жамағатпен зікір тартып, дұға жасау-
ды
«бидғат»
деп ойлауы мүмкін. Алайда дінімізде бұған
ешқандай тыйым жоқ. Себебі белгілі бір істі бидғатқа
шығару үшін жасалатын ол істің дінде ешбір негізі
болмауы шарт. Ал намаздан кейін зікір айтудың және
жамағатпен дұға жасаудың шариғатта қуатты негізі бар.
Яғни, жалпы алғанда намаздан кейін зікір (тәсбих) тар-
ту шариғатта бар. Белгілі бір істі жамағатпен істеудің
сауаптылығының да дінімізде орны ерекше. Ендеше,
жамағатпен тәспі тартып, дұға жасау
«дұға жасаңдар»,
«зікір айтыңдар»
деп көпше түрде келген көптеген аят-
хадистердың аясына кіргендіктен, шариғатқа қайшы
емес. Тіпті бұл жерде жамағатпен тәспі тартылмайды, тек
имамның бастап беруімен әркім өзі тартады.
Тағы бір ескере кететін жайт, мешітте парыз намаз-
ды оқығаннан кейін үйге барып намаздың соңғы сүннетін
оқу, әрине, шариғатқа қайшы емес. Алайда үйлеріміз
Алла елшісінің (с.а.у.) бөлмелері тәрізді мешіттің шетінде
немесе оған жақын болмағандықтан, бұған қоса көшедегі
жұмысымыздың көптігін ескерсек, сүннет намаздарды