Previous Page  83 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 200 Next Page
Page Background

83

Жұма

намазының

алдындағы

сүннет дұрыс емес пе?

Бір кісі маған жұма намазының алдында ешбір

сүннет намаз оқылмайды, оның ешқандай дәлелі жоқ,

тіпті «бидғат» деді. Сұрайын дегенім, біз оқып жүрген

жұманың алғашқы төрт рәкат сүннет намазының

қандай дәлелі бар?

Ханафи,

шафиғи

мәзһабтарында,

сондай-ақ

ханбалидағы бір көзқарас бойынша жұма парызының

алдында төрт рәкат сүннет намаз оқылады. Ал мәлики

мәзһабында жұманың алдында бекітілген сүннет намаз

болмағанымен, жалпы нәпіл намаз оқуға рұқсат бар.

Жұма намазының алдында сүннет намаз бар

дейтіндер ең әуелі жұма намазының бесін намаздың

орнына жүретіндігін алға тартады. Сондықтан жұма

намазындағы екі рет азан шақыру, хұтба оқу, парыз

намазының төрт рәкаттан екі рәкатқа түсуі секілді ар-

найы шариғи дәлелдермен бекітілген ерекшеліктерінен

тыс басқа барлық мәселелерде жұма намазы бесін намазы

секілді өзгеріссіз қала береді.

Имам әл-Бұхари өзінің сахих хадистер жинағында

«Жұма намазының соңындағы және алдындағы сүннет

намаздар»

деп арнайы тарау ашқанымен, жұманың соңғы

сүннетіне байланысты хадисті ғана келтіріп, ал алдыңғы

сүннеті жайлы ешқандай хадис бермеген. Оның орнына

бесін намазының алды мен соңында оқылатын сүннет на-

маздарды көрсеткен.

Имам әл-Бұхаридың бұлай жасауында жұма намазын

бесін намазына

«қияс»

яғни, салыстыруы жатыр. Яғни